Қазақстан кубогы
Финал. 24 қараша
«Қайрат» (Алматы) – «Атырау» — 1:0 (Соколенко, 16)
«Қайрат» командасының қорғаушысы Александр Соколенко Қазақстан кубогының финалындағы жеңіс голын соқты.
Осы голдың дерегіне үңіле отырып, таңғажайып бір ұқсастық байқадық. Соколенко «Қайрат» сапында биыл премьер-лигада жалғыз доп соқты. Оны 24 турда (26 тамыз) Алматының Орталық стадионында «Атырау» қақпасына енгізді. Енді осы допты финалдағы жеңіс голымен салыстырып көрейік:
1). Екеуі де – «Атырау» қақпасына;
2). Екеуі де – 16 минутта;
3). Екі ретте де – есеп ашылды;
4). Екі ретте де – сол қапталдан келіп гол пасын берген Ғ.Сүйімбаев;
5). Екі голды да жіберген – В.Логиновский;
6). Алғашқысы – 24 турда, екіншісі – 24 қарашада, яғни екеуіне де 24 деген сан ортақ.
Стадиондар ғана бөлек демесеңіз, Соколенко «Қайрат» сапындағы биылғы қос добын «Атырау» командасының қақпасына осындай керемет үйлесіммен соғып отыр.
Ең бастысы, үлкен футболда небары 4 гол соққан футболшының бұл добы – алғашқы жеңіс добы.
Футболда осындай ғажайыптар да болып тұрады. Ол ғажайыптың біздің елде болғаны – тіпті керемет!
А.Соколенконың 26 тамызда «Атырау» қақпасына ҚПЛ аясында соққан добы:
Финал тағдырын шешкен гол: