Astana's Bosnian defender Marin Anicic (L) celebrates after scoring during the UEFA Europa League Group K football match between FC Dynamo and FC Astana at The Olympiyski Stadium in Kiev on September 20, 2018. (Photo by SERGEI SUPINSKY / AFP) (Photo credit should read SERGEI SUPINSKY/AFP/Getty Images)

Еуропа лигасы. К тобы
1 тур. 20 қыркүйек

«Динамо» (К, Украина) – «Астана» — 2:2 (Цыганков, 11, Гармаш, 45+1 – Аничич, 21, Муртазаев, 90+5)

Қорғаушы Марин Аничич бұл кездесуде «Астана» сапында өзінің еурокубоктардағы алтыншы голын соқты:
1). 25.11.2015 ж. ЧЛ. Топтық турнир. 5 тур. «Астана» — «Бенфика» — 2:2 (31 минут, 2:0)
2-3). 20.07.2016 ж. ЧЛ. ІІ іріктеу кезеңі. «Астана» — «Жальгирис» — 2:1 (31 – 1:0, 90+2 – 2:1)
4). 24.11.2016 ж. ЕЛ. Топтық турнир. 5 тур. «Астана» — АПОЭЛ — 2:1 (59 – 1:1)
5). 07.12.2017 ж. ЕЛ Топтық турнир. 6 тур. «Славия» — «Астана» — 0:1 (38 – 0:1)
6). 20.09.2018 ж. ЕЛ. Топтық турнир. 1 тур. «Динамо» К – «Астана» — 2:2 (21 – 1:1)

М.Аничич – қазақстандық клубтар сапында ең көп гол соққан қорғаушы. Бұған дейін ол мергендік бойынша командаласы Д.Шомкомен қатар тұрған еді (5 гол), кешегі кездесуде суырылып алға шықты.

Әрине, «Қайрат» пен «Ақтөбе» сапында еурокубоктарда 8 гол авторы атанған С.Сымақовты да қорғаушы деп санауға болар еді, алайда Самат бұл голдарын негізінен жартылай қорғаушы ретінде енгізді.

Қазір Аничич пен Шомконы өкшелеп келе жатқан мерген қорғаушы жоқтың қасы. «Астаналық» Юрий Логвиненко еншісінде 2 дәл соққы бар.

Аничичтің мергендік көрсеткішін талдасақ:
3 голы – есепті теңестірді немесе тең ойынға қол жеткізуге мүмкіндік берді.
1 голы – есеп айырмасын қысқартты (кешегі «Динамоға» соққан добы).
2 голы – жеңіс әкелді.
Осы 2 жеңіс голының біреуі – келесі іріктеу кезеңіне шығарды («Жальгириске»), екіншісі – тұңғыш рет қазақстандық команданың еурокөктемге жолдама алуына жол ашты («Славияға» соққан доп).
2 голы – іріктеу кезеңінде, 4 голы – топтық турнирлерде енгізілді.
Алғашқы 4 гол – өз алаңымызда, кейінгі 2 гол сырт алаңда соғылды.

Еурокубоктардағы мергендер кестесінде М.Аничич кешегі дәл соққысынан кейін М.Тілешев, М.Хайруллин, Ж.Кабананга, Б.Исламхандармен бірге бесінші орынға көтерілді (6 гол). Оның алдында П.Твумаси (15 гол), Ж.Гоу (11), С.Сымақов (8), Н.Жұмасқалиев (7) бар.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here