Қазақстан кубогы
Финал. 24 қараша

«Қайрат» (Алматы) – «Атырау» — 1:0 (Соколенко, 16)

«Қайраттың» капитаны Бауыржан Исламхан 4 минутта пенальти соға алмады. Оның тепкен добын сол жақ бұрыштан қақпашы Владимир Логиновский қағып алды.

Бұл – Исламханның үлкен футболда енгізе алмаған бесінші пенальтиі:

МатчКүнТурнирТурЕсепМинутҚақпашыҚалайНәтижеСтадион
1.«Қайрат» — «Тараз» — 3:124.07.2016ҚПЛ220:010А.ГригоренкоОң аяқҚайтардыАлматы, Орталық
2.«Қайрат» — «Оқжетпес» — 5:029.10.2016ҚПЛ322:049С.СтаменковичОң аяқҚайтардыАлматы, Орталық
3.«Қайрат» — «Атырау» — 1:122.07.2017ҚПЛ210:011А.ПасеченкоОң аяқҚайтардыАлматы, Орталық
4.«Ертіс» — «Қайрат» — 3:127.06.2018ҚК½ (2)1:150Н.КалмыковОң аяқБағанПавлодар, Орталық
5.«Атырау» — «Қайрат» — 0:124.11.2018ҚКФинал0:04В.ЛогиновскийОң аяқҚағып алдыАстана, «Астана-Арена»

Жалпы, Бауыржан түрлі турнирлерде соққан 68 голының 19-ын пенальтиден енгізді. Биыл ол Қазақстан кубогының 1/8 финалында «Оқжетпес» қақпасына екі пенальти соқты, Еуропа лигасының екі кезеңінде «Енгордани» (Андорра) және АЗ (Голландия) командаларының қақпасын да пенальтиден таңбалады.