Қазақстан премьер-лигасы
29 тур. 6 қазан

«Қайсар» – «Атырау» – 2:2 (Тағыберген, 78-пенальтиден, Ламанж, 85 – Жаңғылышбай, 67-өз қақпасына, Родионов, 87)

«Оле Бразил» футбол академиясының түлегі Алексей Родионов бұл кездесуде өзінің биылғы маусымдағы екінші голын соқты. Аяғындағы ауыр жарақатын екі жыл бойы емдеп, алаңға енді оралған шабуылшы осылайша 24 жасында үлкен футболдағы алғашқы доптарын енгізіп жатыр.

Бұл – Бразилияның «Оле Бразил» академиясынан 2009-2012 жылдары білім алып келген 26 түлектің Қазақстан премьер-лигасындағы небары оныншы голы. Басқа 8 голдың авторлары кім?
1). Рауан Сариев – 3 гол («Жетісу», 2014 жыл)
2). Берік Шайықов – 2 («Жетісу», 2014 жыл – 1 гол, «Ақжайық», 2018 жыл – 1 гол)
3). Магомед Парагульгов – 2 («Қайрат», 2017 жыл – 1 гол, 2018 жыл – 1 гол)
4). Мирас Төлеев – 1 («Оқжетпес», 2015 жыл – 1 гол)

Алғашқы түлектер оралған 5,5 жыл ішінде 10 гол ғана соққан. Бұл тым аз, тіпті жоққа тән.

2012-2015 жылдар аралығында оқыған екінші лек еншісінде – премьер-лигада 1 гол ғана бар. Оны «Шахтер» сапында Владислав Васильев 2015 жылы 31 қазанда «Тараз» қақпасына соқты. Демек, екінші лек түлектері премьер-лигада мергендік танытпағалы таза төрт жылға жуықтады.