Қазақстан премьер-лигасы
29 тур. 6 қазан

«Тобыл» — «Ертіс» — 1:2 (Нөсербаев, 72 – Попадюк, 70, Стаменкович, 89-пенальтиден)

«Тобыл» командасының шабуылшысы Таңат Нөсербаев осы матчта өзінің Қазақстан премьер-лигасындағы 75-добын соқты. Бұл көрсеткіш бойынша ол Қазақстан чемпионаттары тарихындағы мергендер арасында 23-орында тұр:

Мерген Туған күні Гол саны
1. Нұрбол Жұмасқалиев 11.05.1981 166
2. Мұрат Тілешев 12.04.1980 148
3. Олег Литвиненко 22.11.1973 147
4. Нұркен Мазбаев 04.07.1972 142
5. Андрей Мирошниченко 21.12.1968 115
6. Ұлықбек Бақаев (Өзбекстан) 28.11.1978 111
7. Андрей Финонченко 21.06.1982 103
8. Әлібек Бөлешев 09.04.1981 100
9. Александр Шатских 21.01.1974 96
10. Руслан Иманқұлов 06.02.1972 96
11. Қайрат Әубәкіров 08.03.1971 94
12. Виктор Антонов 01.10.1969 85
13. Руслан Дүзмәмбетов 21.04.1968 85
14. Гурам Макаев 18.02.1970 85
15. Владимир Логинов 05.01.1974 85
16. Олег Малышев 12.04.1967 84
17. Жерар Гоу (Кот д’Ивуар) 29.12.1988 80
18. Марат Хайруллин 26.04.1984 80
19. Нилтон Мендес (Бразилия) 07.01.1976 79
20. Виктор Зубарев 10.04.1973 77
21. Максим Низовцев 09.09.1972 77
22. Павел Демян 28.04.1960 76
23. Таңат Нөсербаев 01.01.1987 75
24. Арсен Тлехугов 03.11.1976 73
25. Асқар Әбілдаев 16.06.1971 71

Қазір өнер көрсетіп жүрген футболшылар ішінен Н.Жұмасқалиевтің, М.Хайруллиннің және Т.Нөсербаевтің көрсеткіш жаңарту мүмкіндігі бар. Нұрбол өткен жылдан бері қанжығасын майлай алмай жүр. Дегенмен оның жетістігін қазіргі футболшылардан ешкім де жуық маңда жаңарта алмайды. Марат пен Таңат биыл 7 рет дәл соққы жасады. Алматы футболының түлегі Әлібек Бөлешев биыл футболдан қол үзді.

Жуық арада үздік 25 мерген қатарына Азат Нұрғалиев қосыла алады. Ол биылғы маусымда  7 рет мергендік танытып, премьер-лигада соққан гол санын 67-ге жеткізді. Енді 4-5 рет дәл соққы жасаса, Тлехугов пен Әбілдаевті төмен сырғытуы мүмкін.

Алексей Щеткин (55 гол) мен Бауыржан Исламхан (50) әлі де біраз еңбектенуге тиіс.

Ал бүгінгі қаһарманымыз Таңат Нөсербаев – оңтүстік футболының түлегі. Ол 75 голдың 22-сін – «Ордабасы» сапында, 46-сын – «Астанада», 7-ін «Тобыл» сапында соқты.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here