Бүгін Қазақстан УЕФА сапындағы он сегізінші маусымын бастайды. Нұр-Сұлтан уақытымен 19:00-да «Астана-Аренада» Қазақстан чемпионы «Астана» Румыния чемпионы ЧФР командасымен кездеседі. Бұл – Чемпиондар лигасының І іріктеу кезеңі.
Осы 18 жылда еурокубоктарға неше командамыз қатысты?
- «Астана» – жетінші рет қатысады (2013-…)
Жетістіктері:
а) 2015 жылы қазақстандық клубтардан бірінші болып чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алды;
ә) 2016 жылдан бері Еуропа лигасының топтық турнирінде тұрақты өнер көрсетіп (3 рет) келеді. Мұндай жетістікке басқа ешбір командамыз жете алған жоқ;
б) 2014 жылдан бері «Астана» еурокубоктарда 84 ұпай жинады. Әр жеңіске – 1, әр тең нәтижеге 0,5 ұпай беріледі. Демек, «Астана» 7 жыл ішінде Қазақстан қоржынына 31+4 ұпай қосты: 2013 жылы – 0 ұпай; 2014 жылы – 4,5 ұпай; 2015 жылы – 6+4 ұпай; 2016 жылы – 6 ұпай; 2017 жылы – 7,5 ұпай; 2018 жылы 7 ұпай қосты. Қосымша 4 ұпай 2015 жылы «Астана» Чемпиондар лигасының топтық турниріне шыққаны үшін берілді;
в) Шабуылшы П.Твумаси «Астана» сапында еурокубоктарда 15 доп соқты. Бұл – қазақстандық клубтар футболшыларының рекорды.
2. «Ақтөбе» (11 рет қатысты, 2006-2016 жж)
Жетістіктері:
а) Еуропа лигасы іріктеуінің плей-офф кезеңіне 4 рет шықты (2009, 2010, 2013, 2014 жж.);
ә) УЕФА коэффицентінде Қазақстан қоржынына 20,5 ұпай қосты.
3. «Қайрат» – тоғызыншы рет қатысады (2002, 2005-06, 2014-…)
Жетістіктері:
а) Еуропа лигасы іріктеу кезеңінің плей-офф сатысына бір рет жетті (2015);
ә) УЕФА коэффицентінде Қазақстан қоржынына 17,5 ұпай қосты.
4. «Тобыл» – тоғызыншы рет қатысады (2003, 2006-11, 2018-…)
Жетістіктері:
а) Интертото кубогының жеңімпазы (2007);
ә) УЕФА коэффицентінде Қазақстан қоржынына 14 ұпай қосты.
5. «Шахтер» (7 рет қатысты, 2006, 2008, 2010-14 жж.)
Жетістіктері:
а) Қазақстан командалары арасынан тұңғыш рет еурокубоктардың топтық турнирінде (Еуропа лигасы, 2013 жыл)
ә) УЕФА коэффицентінде Қазақстан қоржынына 14 ұпай қосты.
6. «Ертіс» (6 рет қатысты, 2003, 2009, 2011, 2013, 2017-18 жж.)
Жетістіктері:
а) Еуропа лигасының ІІ іріктеу кезеңі (2011, 2013, 2017 жж.);
ә) УЕФА коэффицентінде Қазақстан қоржынына 8,5 ұпай қосты.
7. «Ордабасы» – бесінші рет қатысады (2012, 2015-17 жж.)
Жетістіктері:
а) Еуропа лигасының ІІ іріктеу кезеңі (2012);
ә) УЕФА коэффицентінде Қазақстан қоржынына 3,5 ұпай қосты.
8. «Жеңіс» (3 рет қатысты, 2002-03, 2007 жж.)
Жетістіктері:
а) Чемпиондар лигасының ІІ іріктеу кезеңі (2007);
ә) УЕФА коэффицентінде Қазақстан қоржынына 2,5 ұпай қосты.
9. «Атырау» (3 рет қатысты, 2002-03, 2010 жж.)
Үш ретте де бірінші қарсыласынан аса алған жоқ.
УЕФА коэффицентінде Қазақстан қоржынына 0,5 ұпай қосты.
10. «Жетісу» (2 рет қатысты, 2008, 2012)
УЕФА коэффицентінде Қазақстан қоржынына 0,5 ұпай қосты.
11-12. «Алматы» (2007) мен «Оқжетпес» (2009) еурокубоктарға бір рет қатысты. «Оқжетпес» еншімізге – 1, «Алматы» 0,5 ұпай қосты.