Қазақстан премьер-лигасы

5 тур. 14 сәуір

«Жетісу» — «Қайрат» — 3:0 (Наумов, 25, Хромцов, 88, Оганесян, 90+6)

Бұл кездесуде «Қайрат» бес жылдан бергі алғашқы ірі жеңілісіне тап болса да, алматылықтардың қақпашысы Стас Покатилов тамаша көрсеткішке қол жеткізді.

Ол ойынның 51 және 88 минуттарында «жетісулық» И.Димитров пен О.Хромцов тепкен қос пенальтиді қайтарды. Бірақ қақпашының жанкешті еңбегі алматылықтарды ірі сәтсіздіктен сақтап қала алмады.

Өзінің спорттағы ғұмырында С.Покатилов сегізінші рет пенальти қайтарып отыр. Оның Қазақстан премьер-лигасындағы көрсеткіші әсіресе керемет. Стас 2013 жылдан бері өз қақпасына белгіленген 16 пенальтидің 8-ін, яғни 50 пайызын өз қақпасына дарытпады.

Покатиловтың қайтарған пенальтилерінің көрсеткіші мынадай:

Матч Күні Футболшы Минут Нәтиже Есеп
1. «Астана» — «Шахтер» — 1:2 17.08.2013 Ф.Кетевоама («Астана») 69 Қайтарды 0:1
2. «Ордабасы» — «Шахтер» — 2:1 22.06.2014 А.Нұрғалиев («Ордабасы») 28 Қайтарды 0:1
3. «Қайрат» — «Ақтөбе» — 1:2 16.05.2015 Б.Исламхан («Қайрат») 86 Ұстады 0:2
4. «Қайрат» — «Астана» — 2:0 16.10.2016 Д.Деспотович («Астана») 60 Қайтарды 2:0
5. «Ақжайық» — «Қайрат» — 0:1 09.07.2017 Ю.Перцух («Ақжайық») 87 Қайтарды 0:1
6. «Қайрат» — «Ақтөбе» — 3:2 05.11.2017 Т.Шимкович («Ақтөбе») 90+7 Қайтарды 3:1 (3:2)
7. «Жетісу» — «Қайрат» — 3:0 14.04.2019 И.Димитров («Жетісу») 51 Ұстады 1:0
8. «Жетісу» — «Қайрат» — 3:0 14.04.2019 О.Хромцов («Жетісу») 88 Қайтарды 1:0 (2:0)

Қайтарылған 8 пенальтиде ерекше атап өтер тұстар бар:

  1. Пенальти қайтарған 3 матчта Покатилов өз командасының жеңісін сақтап қалды («Астана» — «Шахтер» — 1:2, «Қайрат» — «Ақтөбе» — 1:2, «Ақжайық» — «Қайрат» — 0:1).
  2. Т.Шимкович («Ақтөбе») және О.Хромцов («Жетісу») Покатилов серпіген доптарды дереу қақпаға тоғытты.
  3. 2014 жылғы «Ордабасы» — «Шахтер» (2:1) кездесуінің 28 минутында А.Нұрғалиев С.Покатиловті пенальтиден қапы қалдыра алмағанмен, 58 минутта ойыннан доп соғып кетті.

Қазақстан кубогы ойындарында Покатилов қорғаған қақпаларға 3 пенальти белгіленіп, үшеуі де голға айналды.

Ұлттық құрама ойындарында Покатилов қақпасына 3 пенальти қойылды, үшеуі де соғылды.

Еурокубоктарда Покатилов қақпасына әлі пенальти тебілген жоқ.

Бір қызығы, Стастың қақпасына ересектер футболында жасалған алғашқы соққы да — пенальтиден. 2010 жылдың 16 мамырында Қазақстан кубогының 1/8 финалында «Ордабасы» «Ақжайықты» 5:0 есебімен жеңді. Ойынның 84 минутында оралдықтардың қақпашысы Роман Багаутдинов айып алаңында тәртіп бұзып, алаңнан қуылды. Оның орнына 18 жастағы Покатилов шығып, Дәуренбек Тәжімбетов соққан пенальтиді қайтара алмады.

Покатилов қайтарған пенальтилердің бейнежазбалары:

Жазбаның 4:10 минутында.
Жазбаның 4:05 минутында.
Жазбаның 12:55 минутында.

«Жетісу» ФК фотосы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here