Euro-2020

І тобы. І тур

Қазақстан — Шотландия — 3:0 (Перцух, 6, Вороговский, 10, Зайнутдинов, 51)

Ескерту: Меркель, 38, Сүйімбаев, 90+5 — Шинни, 83
Қазақстан: Непогодов, Малый, Ерланов (Ахметов, 81), Постников, Қуат, Перцух, Вороговский, Муртазаев (Тұрысбек, 68), Сүйімбаев, Зайнутдинов (Мұжықов, 84), Меркель
Шотландия: Бейн, Палмер, Шинни, Макгинн (Мактомини, 70), Бейтс, Маккена, Форрест (Макналти, 81), Макгрегор, Макберни (Расселл, 61), Армстронг, Берк
Төреші: Сржан Йованович (Сербия)
21 наурыз. Астана. «Астана-Арена». 27 641 көрермен.

  • Қазақстан құрамасы Еуропа біріншілігіне іріктеу кезеңдерінде тұңғыш рет 3:0 есебімен жеңіске жетті.
  • Юрий Перцух — Euro-2020 іріктеу кезеңіндегі алғашқы доп авторы. Ол ұлттық құрама сапындағы тұңғыш голын енгізді.
  • Михал Билек — іріктеу кезеңін ірі жеңіспен және 3:0 есебімен бастаған екінші бас бапкер. Мұндай нәтижеге тұңғыш рет Серік Бердалин қол жеткізген болатын (1997 ж. ӘЧІ-98. І тур. Қазақстан — Пәкстан — 3:0).
  • Ян Вороговский да бұл матчта құрама сапындағы тұңғыш голын енгізді.
  • Сергей Малый құрама сапындағы — 30, Бақтияр Зайнутдинов 10 матчын өткізді.
  • Қазақстан құрамасы өз тарихында алтыншы рет 3:0 есебімен жеңіске жетті. Бұған дейін осындай есеппен Пәкстан, БАӘ, Макао, Андорра және Әзербайжан құрамаларын жеңген еді.
  • Шотландия — Қазақстан құрамасынан ресми ойындарда жеңілген УЕФА-ның сегізінші мүшесі. 2007 жылдан бері түрлі іріктеу кезеңдерінде Қазақстан құрамасы Сербия, Армения, Андорра, Әзербайжан, Фарер аралдары, Латвия командаларынан басым түсті.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here