Жеңіл атлетика. Азия чемпионаты

Екінші күн. 22 сәуір

100 метрге жүгіру бағдарламасында Ольга Сафронова 11,17 секунд нәтижесімен Азия чемпионы атанды. Ол құрлық додасының рекордын жаңартты және өзінің маусымдағы ең жақсы нәтижесіне қол жеткізді.

Михаил Литвин (400 м) финалда да жақсы нәтиже көрсетті. Ол бұған дейін жартылай финалда 45,38 секунд нәтижемен Қазақстан рекордына түзету енгізіп еді. Финалда бұл нәтиже тағы 0,13 секундқа жаңарды (45,25 сек). Литвин Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Сафронова мен Литвин биылғы 28 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Қатар астанасы Доһада өтетін әлем чемпионатына жолдама иеленді.

Екінші күн нәтижелері:

1.     Ахметова Аделина (400 метрге кедергілермен жүгіру) — 57.92, 5 орын

2.     Ольга Сафронова (100 м) – 11.17, 1 орын

3.     Михаил Литвин (400 м) – 45.25, 3 орын

4.     Маргарита Мукашева (800 м) – 2:03.83, 3 орын

5.     Иван Иванов (ядро серпу) – 19.09, 3 орын

6.     Антон Боднар (биіктікке секіру) – 2 м, 8 орын

7.     Виталий Земс, Вячеслав Земс, Александр Каспер, Сергей Русак, Дамил Сутжанов (4×100 м эстафета) – DNF (мәреге жетпеді)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here