Қазақстан премьер-лигасы
4 тур. 31 наурыз
«Ордабасы» — «Оқжетпес» — 2:1 (Нөсербаев, 57, Бочаров, 68 — Федин, 45+1)

«Ертіс» — «Ақтөбе» — 1:3 (Фофана, 55 — Барбоса, 63, Шестаков, 72, Зенькович, 77)
«Қайрат» — «Қайсар» — 1:1 (Гоу, 11 — Байжанов, 35)
1 сәуір
«Тобыл» — «Тараз» — 1:0 (Деспотович, 50)
«Шахтер» — «Астана» — 1:2 (Габышев, 62 — Кабананга, 88, Скорых,  90+2, автогол)
«Ақжайық» — «Атырау» — 2:2 (Сапанов, 64, Аренас Дельгадо, 70 — Обшивач, 57, Максимович, 88-пенальтиден)

* Бұл турда көшбасшы ауысты. Өз алаңында «Оқжетпесті» ұтқан «Ордабасы» 10 ұпаймен алға шықты. Шымкенттіктер биылғы 1 турда да көш бастаған еді. Одан кейінгі екі турда «Қайсар» топ басында болды.

* «Қайсар» өз тарихындағы ең ұзақ жеңіс сериясын жалғастыра алмады. Қызылордалықтар 2008 жылы 4-7 турлар аралығында 4 ойында қатар жеңіске жеткен-ді. Ең қызығы, сол жолы «Қайсар» 4 қарсыласын да («Алматы», «Ордабасы», «Энергетик-2», «Есіл-Богатырь») 1:0 есептерімен тұқыртқан еді. Биыл қатарынан 3 жеңістен кейін Алматыда «Қайратпен» ұпай бөлісті. Дегенмен «Қайсар» жеңіліссіз матчтар сериясының рекордына қол соза беруіне болады. 2008 жылы бұл команда 31 тамыздан 1 қарашаға дейін 8 тур бойы (2 жеңіс, 6 тең ойын) ұтылмаған болатын.

* Бұл турда 3 жігерлі жеңіс тіркелді. «Ордабасы», «Ақтөбе» және «Астана» командалары алдымен өз қақпасына гол жіберіп алып, кейін жеңіске жетті.

* Бұл турдағы 17 голдың екеуі ғана І таймда соғылды. Демек, командалар ІІ таймда нәтижелі ойнайды деген сөз.

* Джордже Деспотович Қазақстандағы төртінші команда сапында гол соқты. 2015 жылы серб шабуылшысы «Жетісу» мен «Қайраттың» намысын қорғап, 13 гол енгізді. Өткен маусымда 8 голмен «Астананың» бас мергені болды. Жаңа маусымда «Тобыл» сапында да көзге түсіп, «Таразбен» ойында жеңіс голын соқты.

* Бұл турда 3 допты джокерлер енгізді. Ойынға ІІ таймда қосылған И.Зенькович («Ақтөбе») есепті үстей түсті. Ал Аренас Дельгадо «Ақжайықты» алға шығарса, Новица Максимович «Атырауды» жеңілістен құтқарып қалды.

* С.Скорых («Шахтер») — биылғы маусымдағы алғашқы автогол авторы.

* «Қайрат» — «Қайсар» матчын 14 мың адам тамашалады. Бұл — әзірше биылғы маусымның рекорды. 

* «Қайрат» 3 матчта тең түсіп, өзінің 2013 жылғы рекордына жақындады. 2013 жылы оңтүстікастаналықтар 23 маусым-21 шілде аралығында 5 кездесуді тең аяқтаған болатын. Жалпы, 2008 жылдан бері тең ойындар сериясындағы рекорд «Шахтерге» тиесілі. Кеншілер 2008 жылғы маусымда 3 мамыр-15 маусым аралығында 6 ойында тең нәтиже тіркеді.

* «Ақтөбе» бұл турда биылғы чемпионаттағы алғашқы голдарын соқты және бірінші жеңісіне қол жеткізді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here