Хорватия құрамасының шабуылшысы Никола Калинич биылғы әлем чемпионатының күміс жүлдесінен бас тартты. Ол топтық турнирдегі Хорватия – Нигерия кездесуінде командаласын алмастырудан бас тартып, арқасының ауырып тұрғанын сылтауратқан еді. Бұдан кейін бас бапкер З.Далич оны командадан аластады.

Хорватия құрамасы вице-чемпион атанды. Хорват футболшылары келісе келе, Калиничке де күміс медаль берілуі қажет екенін мәлімдеген-ді. Далич те бұл мәселені команда мүшелері талқылап барып жариялайтынын айтты.

Командаластары кешірсе де, Калинич өзін бұл атаққа лайықсыз санаған секілді. Ол әріптестеріне алғыс білдіріп, жүлдені алмайтынын мәлім етті. Қазір Калинич «Милан» ойыншысы саналады, бірақ жақында «Атлетикоға» (Испания) ауысуы мүмкін.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here