ХХІ әлем чемпионаты мәреге жетті. Жеңімпазды анықтадық, жүлдегерлер де белгілі. Франция құрамасы сапында әлемдік додаға қатысқан футболшылардың қай клубтық командаларға тиесілі екенін бәріміз білеміз. Ал әлем чемпионаттары тарихында қай команданың өкілдері көбірек жеңімпаз атанды?

  • Көш басында – «Ювентус». «Бьянконеридің» 25 футболшысы әлем чемпионатының алтын жүлдесін тағынды. Биыл туриндіктер сапынан Блез Матюиди чемпион атанды.
  • Екінші орында – бір ойыншысы ғана кем «Бавария». Биылғы чемпионы Корентен Толиссо.
  • ХХІ ғасырда «Барселона» футболшылары чемпион атағын көп жеңіп алды. 2010 жылы каталондық клубтық 7 футболшысы әлем кубогын иеленді.
  • Бразилиялықтар Роналдо («Крузейро» және «Интер»), Жилмар («Коринтианс» және «Сантос»), Джалма Сантос («Португеза» және «Палмейрас»), Кафу («Сан Паулу» және «Рома»), аргентиналық Даниел Пассарелла(«Ривер Плейт» және «Фиорентина»), италиялықтар Мондзельо («Болонья» және «Рома»), Феррари(«Интер» және «Ювентус») екі түрлі команда сапында өнер көрсете жүріп, әлем чемпионы атанды.
  • Бразилиялықтар Пепе мен Зито («Сантос»), Зозимо («Бангу»), Гарринча, Диди, Нилтон Сантос («Ботафого»), италиялықтар Меацца («Интер») және Мазетти («Рома») бір клубтың өкілі ретінде екі рет әлем чемпионы атағына қол жеткізді.
  • Пеле үш рет әлем чемпионы атанды, үш ретте де «Сантос» ойыншысы болды.
  •  «Реал» (Мадрид) еншісінде 5 чемпиондық атақ бар. Оның ойыншылары Франция, Испания, Бразилия, Германия және Аргентина сапында әлем чемпионаттарында дара шықты.
  • «Реал» өкілдері соңғы үш мундиальда да жеңімпаздар қатарында болды. (2010 жыл – Серхио Рамос, Икер Касильяс, Рауль Альбиоль, Альваро Арбелоа, Хаби Алонсо; 2014 жыл – Сами Хедира, 2018 жыл – Рафаэль Варан).
  • «Ювентустың» чемпион атанған 25 футболшысының 22-сі Италия құрамасы сапында әлем чемпионы атанды.

Өкілдері чемпион атанған командалар және әлем чемпиондары:

«Ювентус», 25: 1934: Бертолини, Борель, Кальярис, Гомби, Феррари, Монти, Орси, Розетта, Варгилиен (Италия); 1938: Фони, Рава (Италия); 1982: Дзофф, Кабрини, Джентиле, Ширеа, Тарделли, Росси (Италия); 1998: Дешам, Зидан (Франция); 2006: Буффон, Каннаваро, Дель Пьеро, Каморанези, Дзамбротта (Италия); 2018: Матюиди (Франция)

«Бавария», 24:  1954: Бауэр (Германия); 1974: Майер, Брайтнер, Шварценбек, Беккенбауэр, Г.Мюллер, Хөнесс, Капелльман (Германия); 1990: Ройтер, Колер, Аугенталер, Айманн, Пфюглер, Тон (Германия); 1994: Жоржиньо (Бразилия); 1998: Лизаразю (Франция) ; 2014: Нойер, Швайнштайгер, Мюллер, Лам, Кроос, Гётце, Боатенг (Германия); 2018: Толиссо (Франция)

«Интер», 20: 1934: Алеманди, Кастеллацци, Демариа, Меацца (Италия); 1938: Феррари, П.Феррарис, Локателли, Меацца, Ольми (Италия); 1982: Бергоми, Марини, Бордон, Ориали, Альтобелли (Италия); 1990: Брёме, Маттеус, Клинсманн (Германия); 1998: Джоркаефф (Франция); 2002:Роналдо (Бразилия); 2006: Матерацци (Италия)

«Рома», 16: 1934: А.Феррарис, Гуайта, Мазетти (Италия); 1938: Донати, Мазетти, Монзельо, Серантони (Италия); 1982: Конти (Италия); 1990: Фёллер, Бертхольд (Германия); 1994: Алдаир (Бразилия), 1998:Кандела (Франция); 2002: Кафу (Бразилия); 2006: Де Росси, Тотти, Перротта (Италия)

«Сантос», 15: 1958: Пеле, Зито, Пепе (Бразилия); 1962: Жилмар, Мауро, Зито, Коутиньо, Пеле, Пепе, Менгальвио (Бразилия); 1970: Карлос Альберту, Клодоалдо, Пеле, Жоэль, Эду (Бразилия)

«Пеньяроль», 14: 1930: Ансельмо, Капуччини, Фернандес, Гестидо, Риольфо (Уругвай); 1950: Бритос, Гиджа, Гонсалез, Масполи, Мигез, Ортуньо, Скьяффино, Варела, Видаль (Уругвай)

«Сан-Паулу», 13: 1958: Сани, Де Сорди, Рамос (Бразилия); 1962: Беллини, Журандир (Бразилия); 1970:Джерсон (Бразилия); 1994: Дзетти, Кафу, Леонардо, Мюллер (Бразилия); 2002: Беллети, Рожерио Сени, Кака (Бразилия)

«Насиональ», 13: 1930: Андраде, Кастро, Кеа, Петроне, Пириз, Рекоба, Сальдомбиде, Скароне, Урдинаран (Уругвай); 1950: Гамбетта, Пас, Пини, Техера (Уругвай)

«Ботафого», 11: 1958: Диди, Гарринча, Нилтон Сантос (Бразилия); 1962: Гарринча, Диди, Амарильдо, Загалло (Бразилия); 1970: Жаирзиньо, Роберто, Паулу Сезар (Бразилия)

«Реал» Мадрид, 11: 1974: Нетцер (Германия); 1986: Вальдано (Аргентина); 1998: Карембе (Франция); 2002: Робрето Карлос (Бразилия); 2010: Касильяс, Хаби Алонсо, Альбиоль, Серхио Рамос, Арбелоа (Испания); 2014: Хедира (Германия); 2018: Варан (Франция)

«Барселона», 11: 1994: Ромарио (Бразилия); 2002: Ривалдо (Бразилия); 2010: Пике, Пуйоль, Иньеста, Хави, Вальдес, Бускетс, Педро (Испания); 2018: Умтити, Дембеле (Франция)

«Милан», 10: 1934: Аркари (Италия); 1982: Барези, Колловати (Италия); 1998: Десайи (Франция); 2002:Роке Жуниор (Бразилия); 2006: Гаттузо, Джилардино, Неста, Индзаги, Пирло (Италия)

(Деректер sports.ru сайтынан алынды)

fifa.com фотосы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here