Еуропа лигасының І іріктеу кезеңінде «Қайрат» Босния және Герцеговинаның «Широки Бриег» командасымен кездеседі. Бірінші ойын 11 шілдеде — Широки Бриегте, қарымта кездесу 18 шілдеде Алматыда өтеді.

«Широки Бриег» бұған дейін қазақстандық командалармен екі рет жолығып, екеуінде де келесі кезеңге шықты:

18.07.2013 ж. ЕЛ. ІІ іріктеу кезеңі. «Ертіс» (Павлодар) — «Широки Бриег» — 3:2 (Шомко, 14, Юрин, 41, Сүйімбаев, 86 — Кордич, 56, Шилич, 64)

25.07.2013 ж. ЕЛ. ІІ іріктеу кезеңі. «Широки Бриег» — «Ертіс» — 2:0 (Еше, 20, Иванкович, 74)

29.06.2017 ж. ЕЛ. І іріктеу кезеңі. «Широки Бриег» — «Ордабасы» (Шымкент) — 2:0 (Крстанович, 37-пенальтиден, 45+1)

06.07.2017 ж. ЕЛ. І іріктеу кезеңі. «Ордабасы» — «Широки Бриег» — 0:0

«Қайрат» сапында әр жылдары «Широки Бриегке» қарсы ойнаған 2 футболшы бар. 2013 жылы Ғафуржан Сүйімбаев «Ертіс» құрамында босниялықтар қақпасына жеңіс добын соқты. Ал 2017 жылы Еркебұлан Тұңғышбаев «Ордабасы» сапында «Широки Бриегке» қарсы екі ойынға да қатысты.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here