Ұлттар лигасы. 1 тур
A1 тобы. 6 қыркүйек
Германия – Франция – 1:0

Франция құрамасының қақпашысы Альфонс Ареоля бұл матчта негізгі құрамда алаңға шығып, әлем футболының тарихындағы ерекше нәтижеге қол жеткізді.

Ол – ұлттық құрама сапындағы алғашқы кездесуін әлем чемпионы атанғаннан кейін өткізген алғашқы қақпашы. Ареоля Ресей-2018 додасына Франция құрамасының үшінші нөмірлі қақпашысы ретінде келді, бірақ ешбір ойынға қатысқан жоқ.

Бұған дейін ұлттық құрамаларының сапында бір ғана кездесу өткізіп, әлем чемпионы атанған Лионель Шарбоннье (Франция-1998) және Роман Вайденфеллер (Германия-2014) сияқты қақпашылар болған-ды. Ареоля олардың көрсеткішін де жаңартып отыр.

ПСЖ қақпашысы 2013 жылы 20 жасқа дейінгі жастар арасында да әлем чемпионы атағын жеңіп алған еді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here