Түркістанда 7 мың орындық стадионның құрылыс жұмыстары басталды.
Алдағы уақытта Түркістан төрінде «ҰӘҚ Самұрық қазына» АҚ тапсырысымен 7 мың орындық жаңа стадион бой көтермек.
Спорт нысанының көлемі 33 286 шаршы метр, жалпы жобаның ауданы 6,4 гектар. Бүгінде қазаншұңқыр қазылып, тиісті жұмыстар атқарыла бастады.
Ғимараттың ел игілігіне берілу мерзімі 2020 жылдың желтоқсанына жоспарланған. Мұнда 100 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.
Жалпы Түркістанда кәсіпқой футбол клубы 1990 жылы «Монтажник» деген атаумен құрылды. 1990-1991 жылдары бұл команда КСРО екінші лигасында өнер көрсетті. 1990 жылы Қазақ КСР кубогын жеңіп алды.
Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш чемпионатына «Монтажник» атауымен қатысып, 1993 жылы «Яссы» болып өзгерді. 25 команданың ішінде маусымда 15 орында аяқтады. 1994 жылы да 15 орында қалып, жоғары лигадан төмендеп кетті.
2003 жылы І лига жеңімпазы атанып, Шымкентке қоныс аударды. Суперлигада «Яссы-Сайрам» атауымен өнер көрсетіп, 15 орында қалды.
Жаңа облыс орталығы атынан қай команданың өнер көрсететіні әлі белгісіз. Қазір бірінші лигада Шымкенттің – «Қыран», Түркістан облысының «Мақтаарал» командалалары бар.
1992-1993 жылдары «Яссы» командасы Түркістандағы «Локомотив» стадионында ойнады.
Тәуелсіздік дәуірінде Қазақстан бір ғана стадион жаңадан салынды. Ол — «Астана-Арена». Астана төріндегі таза футбол стадионына 30 мың адам сыяды. Мұнда «Астана» командасы мен Қазақстан құрамасы ойындарын өткізеді.