Нұр-Сұлтан қаласында 29 сәуір-5 мамыр аралғында А тобындағы командалар арасында әлем чемпионаты өтеді. Қазір қатысушылар қызу дайындық жасап жатыр. Бұл сында Элиталық дивизионға берілетін екі жолдаманы Қазақстан, Словения, Венгрия, Оңтүстік Корея, Литва және Беларусь құрамалары сарапқа салады. Жарыс «Барыс-Арена» кешенінде өтеді.

Қазақстан құрамасының бас бапкері Андрей Скабелка кеңейтілген тізімді жариялады:

Қақпашылар: Никита Бояркин («Сарыарқа»), Сергей Кудрявцев, Хенрик Карлссон («Барыс»), Валерий Севидов («Алматы»).

Қорғаушылар: Даррен Диц, Самат Данияр, Мадияр Ибрайбеков, Александр Липин, Алексей Маклюков, Валерий Орехов, Кирилл Полохов, Максим Семенов, Егор Шалапов (бәрі — «Барыс»), Никита Клещенко, Артемий Лакиза («Номад»),  Леонид Метальников («Сарыарқа»),  Иван Степаненко, Дмитрий Степанов  («Бейбарыс»).

ШабуылшыларПавел Акользин, Әлихан Әсетов, Брендон Боченски, Дмитрий Гренц, Дмитрий Гурков, Егор Петухов, Дмитрий Шевченко, Дастин Бойд, Никита Михайлис, Антон Сагадеев (бәрі -«Барыс»),  Александр Борисевич («Сарыарқа»), Нұрсұлтан Белгібаев («Алтай-Торпедо»), Максим Волков («Ертіс»), Иван Кучин, Антон Некряч («Бейбарыс»),  Евгений Рымарев («Торпедо»), Мартин Сен-Пьер («Кунь Лунь Редстар»),  Максим Худяков («Алтай-Торпедо»), Аркадий Шестаков («Торпедо»), Ярослав Евдокимов («Номад»). Қазақстан құрамасы алғашқы кездесуін 29 сәуірде Словениямен өткізеді.