21 наурызда өтетін Қазақстан — Шотландия кездесуіне сербиялық қазы Сржан Йованович төрелік етеді.

Бұған дейін ол Қазақстан құрамасы қатысқан ойындарға төреші болған емес.

2017 жылы «Астана» Еуропа лигасының А тобында ойнағанда, І турда осы Йовановия «Вильярреал» — «Астана» кездесуінде бас қазы болған-ды:

14.09.2017 ж. ЕЛ. А тобы. 1 тур. «Вильярреал» — «Астана» — 3:1 (Сансоне, 16, Бакамбу, 75, Черышев, 77 — Логвиненко, 68)

Жалпы, серб төрешілері осы уақытқа дейін Қазақстан құрамасының бір ғана кездесуінде бас қазы міндетін атқарды. М.Мажич 2011 жылдың күзінде Брюссельде Бельгия — Қазақстан (4:1) кездесуінде екі қақпаға да пенальти белгіледі, 59 минутта қазақстандық қорғаушы Нұртас Кургулинді алаңнан қуды:

07.10.2011 ж. ЕЧІ. 9 тур. Бельгия — Қазақстан — 4:1 (Симонс, 40-пенальтиден, Азар, 43, Компани, 49, Огунжими, 84 — Нұрдәулетов, 86-пенальтиден)