Вьетнамның Хошимин қаласында бүгін бокстан әйелдер арасындағы Азия чемпионаты басталды.

48 келі салмақта Алуа Балқыбекова қытайлық қарсыласы Хе Лин Юнді еркін жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды.

Әлем чемпионы Дина Жоламан (54 келі) солтүстіккореялық Ким Соң Симнен жеңіліп қалды.

Ал Римма Волосенко (60 келі) Оңтүстік Корея өкілі О Еонжиге жол берді.

Алдағы күндері шаршы алаңға тағы 7 отандасымыз шығады. Олардың жеребе бойынша қарсыластары мынадай:
51 келі. Назым Қызайбай — Чаң Ю Ян (Қытай)
57 келі. Назым Ищанова – Нұр Сабрин Бинте Мохд Файзал (Сингапур)
64 келі. Мәдина Нұршаева Туйен Нгуен (Вьетнам)
69 келі. Валентина Хальзова — Судапорн Сисонди (Тайланд)
75 келі. Дариға Шәкімова — Яң Юн Ху (КХДР)
+81 келі. Ләззат Күнгейбаева Нхи Тран (Вьетнам)
Мөлдір Базарбаева (81 келі) жарысқа екінші айналымнан қатысады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here