Қазақстан премьер-лигасы

1 тур. 9-10 наурыз

«Тобыл» – «Ертіс» – 3:0 (Нұрғалиев, 17, 35, Тұрысбек, 80)

«Тобыл» командасының капитаны және Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Азат Нұрғалиев бұл кездесуде екі доп соғып, өзінің ҚПЛ-дағы дәл соққыларының санын 80-ге жеткізді.

Бұл көрсеткіш бойынша ол қазір ойнап жүрген футболшылар ішінде үшінші орында тұр:

  1. Марат Хайруллин («Қайсар») – 80 гол
  2. Таңат Нөсербаев (әзірше командасыз) – 75
  3. Азат Нұрғалиев («Тобыл») – 70

Жалпы, спорттағы ғұмырында А.Нұрғалиев – әзірше жоғары деңгейдегі 80 гол авторы. ҚПЛ-дағы 80 доптан бөлек, ол Қазақстан кубогында – 5, ұлттық құрамада – 3, еурокубоктарда 2 доп енгізді.

ҚПЛ-дағы 70 допты Нұрғалиев 5 команда сапында соқты:

  1. «Ордабасы» – 205 ойын, 28 гол
  2. «Тобыл» – 153, 30
  3. «Астана» – 11, 6
  4. «Жетісу» – 9, 4
  5. «Сұңқар» – 9, 2

ҚПЛ-да барлығы 387 ойын өткізіп, 70 гол соқты.

Нәтижелілік жөнінен Нұрғалиев 2008 және 2018 жылдары «Тобыл» сапында 8 доптан соғып, жеке рекордын жасады. 70 голды ол 16 маусым ішінде енгізді.