ІІ тур. F тобы
23 маусым
Германия – Швеция – 2:1 (Ройс, 48, Кроос, 90+5 – Тойвонен, 32)

Швеция құрамасы әлем чемпионаттары тарихында ең көп жігерсіз жеңілген кломанда болып тіркелді.

Кеше Швеция Германияны 1:0 есебімен жеңіп тұрып, ойынның соңғы секундтарында жеңісті қолдан берді.

Бұл – шведтердің сегізінші жігерсіз жеңілісі. Оған дейін ешбір команда осынша рет әлемдік додаларда есеп ашып тұрып, жеңілісті уысынан шығарып алған емес.

Бірінші рет Швеция құрамасы 1938 жылы, осыдан 80 жыл бұрын 1938 жылғы мундиальдың жартылай финалында алғашқы жігерсіз жеңілісін тіркепті:
16.06.1938 ж. Париж. Жартылай финал. Венгрия – Швеция – 5:1 (Якобссон, 19-өз қақпасына, Титкос, 37, Зенгеллер, 39, 85, Шароши, 65 – Ниберг, 1)
19.06.1938 ж. Бордо. ІІІ орынға талас. Швеция – Бразилия – 2:4 (Йонассон, 28, Ниберг, 38 – Ромеу, 44, Леонидас, 63, 74, Перасио, 80)
13.07.1950 ж. Сан-Паулу. ІІ топтық турнир. Уругвай – Швеция – 3:2 (Гиггиа, 39, Мигес, 77, 85 – Палмер, 5, Сундквист, 40)
29.06.1958 ж. Сольна. Финал. Бразилия – Швеция – 5:2 (Вава, 9, 32, Пеле, 55, 90, Загало, 68 – Лидхольм, 4, Симонссон, 80)
30.06.1974 ж. Дюссельдорф. ІІ топтық турнир. ГФР – Швеция – 4:2 (Оверат, 51, Бонхоф, 52, Грабовски, 76, Хөнесс, 89-пенальтиден – Едстрөм, 24, Сандберг, 53)
20.06.1990 ж. Дженоа. Топтық турнир. Швеция – Коста-Рика – 1:2 (Екстрөм, 32 – Флорес, 75, Медфорд, 87)
16.06.2002 ж. Оита. 1/8 финал. Швеция – Сенегал – 1:2 (Ларссон, 11 – А.Камара, 37, 104)
23.06.2018 ж. Сочи. Топтық турнир. Германия – Швеция – 2:1 (Ройс, 48, Кроос, 90+5 – Тойвонен, 32)