Қазақстан премьер-лигасы

5 тур. 14 сәуір

«Ақтөбе» — «Атырау» — 2:0(Радин, 3, Милишевич, 45)

«Шахтер» — «Ертіс» — 4:0 (Пешич, 2, 19-пенальтиден, Лувага, 8, Ткачук, 50) 

«Оқжетпес» — «Тобыл» — 1:2 (Нөсербаев, 90 – Квеквескири, 42, Федин, 56)

«Тараз» — «Қайсар» 1:2 (Ньюадзи, 23 Граф, 43, Пуношевац, 76)

«Жетісу» — «Қайрат» — 3:0 (Наумов, 25, Хромцов, 88, Оганесян, 90+6)

«Астана» — «Ордабасы» — 2:1 (Ротариу, 15, Томасов, 65-пенальтиден – Жанғылышбай,  44)

  • «Ақтөбе» биылғы маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Алайда бес дүркін чемпиондар әлі де турнир кестесінің түбінен көтеріле алмайды. Ақтөбеліктер маусымды -12 ұпаймен бастаған еді. Осы турдан кейін бұл көрсеткіш -9 болып өзгерді.
  • Бұл турда 18 гол соғылды. Нәтижелілігі жөнінен бұл тур алғашқы турдан ғана қалыңқы (20 доп). Алайда бұл турда қазақстандық үш футболшы (Нөсербаев, Федин, Жанғылышбай) ғана мергендік танытты, басқа 15 доп легионерлер еншісіне жазылды. Бұған дейінгі төрт турда шеттен келген ойыншылар осынша көп гол соққан емес.
  • «Оқжетпестің» шабуылшысы Таңат Нөсербаев жаңа командасының сапындағы алғашқы добын енгізді. Бұл – оның Қазақстан премьер-лигасындағы 75-голы. Жалпы, барлық ірі деңгейлі жарыстарда Нөсербаев соққан доптар саны 89-ға жетті.
  • Бұл турда қақпаларға 5 пенальти белгіленіп, соның үшеуін қақпашылар қайтарды. «Қайраттың» қақпашысы Стас Покатилов «Жетісудың» екі пенальтиін дарытпағанмен, алматылықтар бес жылдан бергі алғашқы аса ірі сәтсіздігіне тап болды.
  • «Жетісу» қорғаушысы Никита Наумов үшінші рет жеңіс голының авторы атанып отыр. Ол алғашқы екі турда «Қайсар» мен «Оқжетпес» қақпасына жеңіс добын соғып еді. Бұл жолы да беларусь легионері бұрыштан көтерілген допты «Қайрат» қақпасына тура бағыттады.
  • «Тобыл» командасы бес турда да жеңіске жетіп, ұпай жоғалтпаған жалғыз команда болып отыр. «Астана» 18 тур кездесуін алдын ала өткізгендіктен ғана көш басында тұр. Әйтпесе елордалықтар екі ұпай жоғалтып алды.
  • «Қайсар» мен «Атырау» биылғы чемпионатта ең аз доп енгізген (3 гол) командалар санатында.
  • «Оқжетпес» – бес турда жеңіс дәмін татпаған жалғыз команда.
  • «Ордабасы» осы турға дейін өз қақпасына доп жібермеген жалғыз ұжым еді. Бұл турда шымкенттіктер чемпионнан қос доп өткізіп алды. Дегенмен жас қақпашы Бекхан Шайзада пенальти қайтарып, өз командасының ірі есеппен жеңілуіне мүмкіндік бермеді.
  • Бұл турда Н.Наумов («Жетісу»), М.Томасов («Астана») мергендер көшіндегі жағдайын жақсартты. Бірақ 4 голмен алда тұрған А.Нұрғалиевке («Тобыл») жету үшін әлі бір-бір голдан соғуға тиіс.
  • «Қайсар» командасы — биыл жігерлі жеңіске қол жеткізген үшінші ұжым. Бұған дейін 1 турда «Астана» — «Ақтөбеден» (4:1), 4 турда «Қайрат» «Оқжетпестен» бірінші доп жіберіп алып, ойын тағдырын толық өзгерте алған болатын.

«Астана» ФК фотосы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here