Жақында Қазақстан азаматтығын алған кениялық жеңіл атлет Керолайн Кипкируи Чехия астанасы Прагада өткен Sportisimo Prague Half Marathon жартылай марафонының жеңімпазы атанды.

Ол жарыс қашықтығын 1 сағат, 5 минут, 44 секундта жүгіріп өтті. Керолайн бұрынғы екі отандасын артта қалдырды. Израиль атынан сынға түсіп жүрген Лона Чемтай Корлима мәреге «жаңа қазақстандықтан» 29 секунд кейін келді. Ал Кения жалауын Лидия Ньери Матати (01:07,52) үшінші тұғырда желбіретті.

Кипкируи жартылай марафонда 26 жыл бойы мұрты бұзылмаған Қазақстан рекордын жаңартты. Ол көрсеткіш Наталья Сорокивскаяға тиесілі еді. Наталья 1993 жылдың қаңтарында Нидерландтың Эгмон жартылай марафонында 1 сағат, 12 минут, 5 секунд тіркеген болатын.

Қазақстандық жеңіл атлеттер 21-24 сәуір аралығында Доһада (Қатар) өтетін Азия чемпионатына қатысады. Бас бапкер Григорий Егоров құрлықтық додаға баратын спортшыларды анықтады. Доһа төрінде ерлерден А.Боднар (биіктікке секіру), С.Григорьев Сергей (сырықпен секіру), Виталий Земс (4х100 эстафетасы), Вячеслав Земс (110 метрге кедергілермен жүгіру, 4х100 эстафетасы), Д.Ефремов (110 метрге кедергілермен жүгіру), И.Иванов (ядро серпу), А.Каспер (100 м, 4х100 эстафетасы), Д.Коблов 400 метрге кедергілермен жүгіру, 4х400 аралас эстафетасы), М.Литвин (400 м, 4х400 аралас эстафетасы), Д.Полянский (сырықпен секіру), С.Русак (4х100 эстафетасы), А.Соколов (400 м, 4х400 аралас эстафетасы), Д.Сүтжанов (100 м, 4х100 эстафетасы), әйелдерден А.Ахметова Аделина (400 метрге кедергілермен жүгіру), С. Голендова (400 м, 4х400 аралас эстафетасы, 4х100 эстафетасы), Н.Дубовицкая (биіктікке секіру), Р.Кашафутдинова (100 м, 4х100 эстафетасы), В.Лисичкина (800 м), Э.Михина (400 м, 4х400 аралас эстафетасы, 4х100 эстафетасы), М.Мұқашева (800 м, 4х400 аралас эстафетасы), Т.Нерознак (300 метрге кедергілер арқылы жүгіру, 1500 м), О.Рыпакова (үш секіру), О.Сафронова (100м, 200м, 4х100 эстафетасы), Ә.Шыназбекова (100 метрге кедергілермен жүгіру, 4х100 эстафетасы), И.Эктова (үш секіру) сынға түседі.

Қазір Қазақстан құрамасы Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Олар Доһаға 19 сәуірде жол тартады. Азия чемпионатында топ жарғандар биылғы әлем біріншілігіне жолдама алады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here