Рио олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов (60 келі) Анталия Гран-приінің жеңімпазы атанды.

Түрік татамиінде отандасымыз бес қарсыласпен кездесті және бәрін таза жеңді. Елдостың қарқынына Оруджа Уәлизаде (Әзербайжан), Валентин Алпиев (Болгария), Филипе Китадай (Бразилия), Эшди Маккензи (Ұлыбритания) шыдай алмады. Финалда ол өзбек балуаны Кемран Нұрыллаевты да иппон әдісімен жеңді.

Осы жеңісінен кейін Сметов 700 ұпай еншілеп, олимпиялық рейтингте бесінші сатыға көтерілді. Қазір оның қоржынында 1810 ұпай бар. Елдостың алдында Роберт Мшвидобадзе (Ресей, 2251 ұпай), Амиран Папинашвили (Грузия, 1980), жапон дзюдошылары Наохиса Такато мен Рюджю Нагаяма (екеуінде де 1850 ұпайдан), және сияқты балуандар бар. Бұған дейін Сметов алтыншы орында болған еді. 60 келі салмақ дәрежесінде олимпиялық рейтингте Ғұсман Қырғызбаев (840) 15-орында келеді.

«Турнирге әлемнің үздік балуандары жиналды. Жанкүйерлер қолдауын қатты сезіндім, сол үшін де алғысым шексіз. Бірақ уақыт бұрын иығымнан жарақат алып, Екатеринбургте (Ресей) өткен «Үлкен дулыға» турниріне қатыса алмадым. Жарыстарға қатысуыма жақында ғана рұқсат берілді. Әлі де дәрігерлер бақылауындамын. Додаға толық дайынмын дей алмаймын. Анталия татамиіндегі белдесулердің бірінде тізімде аздап жарақаттап алдым. Мұндай ұсақ жарақаттар жиі болып тұрады, ең бастысы, ушықтырып алмау керек. Қазір біз олимпиялық рейцтингте ұпай жинап жатырмыз. Басты міндет – Токио-2020 олимпиадасына жолдама алу», – деді Елдос жарыстан кейін.

Анталия Гран-приінде Отгонсетсег Галбадрах (48 келі) күміс жүлдегер атанды. Ол финалда Дистриа Красничиден жеңілді. Осы Краснич қазір олимпиялық рейтингті бастап келеді. Оның 2475 ұпайы бар. Украиналық Дарья Белодед (1945) және моңғолиялық Мунхбатын Урансетсег (1884) алғашқы үштікте. Галбадрах Анталия турнирінен 490 ұпай еншілеп, олимпиялық рейтингте 1250 ұпаймен оныншы орында келеді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here