H тобы
Колумбия – Жапония – 1:2 (Кинтеро, 39 – Кагава, 6-пенальтиден, Осако, 73)
Жапония құрамасы топтық турнирдің алғашқы турында Колумбияны тізе бүктірді.
Сөйтіп, азиялық командалар тұңғыш рет Латын Америкасының өкілдерін жеңіп отыр. Бұған дейін қос құрлық құрамалары 18 рет кездескен. Оның 15-інде оңтүстікамерикалықтар жеңіске жетсе, 3 ойын ғана тең аяқталған еді.
Ең алғаш рет Азия мен Оңтүстік Америкасының өкілдері 1966 жылы кездесті.
1966 жыл. Англия
КХДР – Чили – 1:1
1970 жыл. Мексика
Уругвай – Израиль – 2:0
1978 жыл. Аргентина
Перу – Иран – 4:1
1986 жыл. Мексика
Аргентина – Оңтүстік Корея – 3:1
Парагвай – Ирак – 1:0
1990 жыл. Италия
БАӘ – Колумбия – 0:2
Оңтүстік Корея – Уругвай – 0:1
1994 жыл. АҚШ
Оңтүстік Корея – Боливия – 0:0
1998 жыл. Франция
Аргентина – Жапония – 1:0
2002 жыл. Жапония/Оңтүстік Корея
Бразилия – Қытай – 4:0
2006 жыл. Германия
Бразилия – Жапония – 4:1
2010 жыл. Оңтүстік Африка Республикасы
Аргентина – Оңтүстік Корея – 4:1
Бразилия – КХДР – 2:1
1/8 финал. Уругвай – Оңтүстік Корея – 2:1
Парагвай – Жапония – 0:0 (пенальтиден – 5:3)
2014 жыл. Бразилия
Чили – Австралия – 2:1
Жапония – Колумбия – 1:4
Аргентина – Иран – 1:0
Бүгінгі нәтижені қоса есептегенде, Азия – Оңтүстік Америка текетіресінің қорытындысы мынадай:
19 ойын, 1 жеңіс, 3 тең ойын, 15 жеңіліс. Доп айырмасы – 11:37.
Қос құрлықтың құрамалары 19 кездесудің екеуінде ғана плей-оффта жолығыпты.
Жапония құрамасы 2014 жылы да Колумбиямен бір топқа түсіп, қарсыласынан 1:4 есебімен ойсырай ұтылған еді.
fifa.com фотосы