ҚКФЛ 2017 жылғы маусымның ең үздік айып добының авторын анықтады. Екі апта бойы жанкүйерлер әлеуметтік желілерде, ресми сайттарда дауыс берді.
Дауыс беру қорытындысында «Ақтөбенің» жартылай қорғаушысы Томаш Шимковичтің «Ақжайық» қақпасына соққан айып добы үздік болып танылды.
Бұл допты Шимкович 26 шілде күні 15 турдың кейінге қалдырылған кездесуінде енгізді. Ол 24 минутта Денис Төлебаев қорғаған қақпаның құлпын ашты. Ойын 2:2 есебімен тең аяқталды.
2017 жылғы үздік айып добының ондығы:
1. Томаш Шимкович, «Ақжайық» — «Ақтөбе» — 2 832 ұпай
2. Бауыржан Исламхан, «Ертіс» — «Қайрат» — 1 133
3. Новица Максимович, «Тараз» — «Атырау» — 957
4. Бауыржан Байтана, «»Ақтөбе» — «Тараз» — 686
5. Мақсат Байжанов, «Тараз» — «Қайсар» — 602
6. Милан Стоянович, «Тобыл» — «Шахтер» — 472
7. Патрик Твумаси, «Астана» — «Атырау» — 296
8. Пабло Фонтанелло, «Ертіс» — «Ордабасы» -174
9. Самат Сымақов, «Қайсар» — «Ордабасы» — 164
10. Максим Фещук, «Ақжайық» — «Тараз» — 39.