Бүгін отандасымыз Қанат Ислам Астанада Канада боксшысы Брендон Кукпен кездеседі. Бұл жекпе-жекте WBO нұсқасы бойынша Солтүстік Америка бокс қауымдастығының орта салмақтағы титулы, WBA нұсқасының құрлықаралық титулы сарапқа салынады. Кездесу 12 раундқа жоспарланған.

Б.Кук 1986 жылдың 13 маусымында дүниеге келген. Канаданың Онтарио штатындағы Аякс қаласында тұрады. Лақап аты — «Жаман бала». Кəсіпқойлар арасында 18 кездесу өткізіп, бəрінде жеңіске жеткен.

1. 19.02.2011 ж. Френсис Лафреньер (2 кездесу — 1 тең, 1 жеңіліс) — 4/4 раунд
2. 24.06.2011 ж. Ласло Хаас (8=4, 4, 0) — 1/4 ТКО (техникалық нокаут)
3. 22.10.2011 ж. Даррен Флетчер (2=1, 1, 0) — 4/4
4. 25.11.2011 ж. Жейсон Бернава (2=0, 2, 0) — 1/6 KO (нокаут)
5. 11.02.2012 ж. Крис Акуан (10=4, 5, 1) — 6/6
6. 12.05.2012 ж. Золтан Сөрман (21=12, 8, 1) — 2/6 ТКО
7. 09.08.2012 ж. Ференц Золд (26=15, 11, 0) — 3/6 ТКО
8. 01.12.2012 ж. Юнмар Имон (2=2, 0, 0) — 4/4
9. 16.02.2013 ж. Рауль Сайс (16=8, 7, 1) — 3/6
10. 01.06.2013 ж. Фитс Вандерпул (37=26, 7, 4) — 1/10 ТКО. Орта салмақтағы Канада чемпионы атағын иеленді.
11. 14.09.2013 ж. Тебор Брош (17=7, 4, 5) — 8/8. Канада чемпионы атағын қорғады.
12. 30.11.2013 ж. Лука Мишель Паскул (23=16, 6, 1) — 4/10
13. 03.05.2014 ж. Фил Роуз (8=5, 2, 1) — 8/8. WBA нұсқасы бойынша Солтүстік Америка бокс қауымдастығының орта салмақтағы титулын иеленді.
14. 06.09.2014 ж. Кристиан Давид Серрано (22=15, 5, 2) — 1/8 ТКО
15. 27.06.2015 ж. Гоши Кнежевич (34=28, 5, 1) — 4/12 КО. WBA нұсқасы бойынша құрлықаралық чемпион атағын иеленді.
16. 21.11.2015 ж. Рафаель Соса Пинтос (62=50, 12, 0) — 5/12 КО
17. 14.05.2016 ж. Давиде Дориа (17=14, 2, 1) — 10/10. WBA нұсқасы бойынша Солтүстік Америка бокс қауымдастығының орта салмақтағы титулын иеленді.
18. 28.01.2017 ж. Стивен Батлер (17=17, 0, 0) — 7/12 ТКО. IBF нұсқасы бойынша Солтүстік Американың орта салмақтағы титулын, WBA нұсқасы бойынша Солтүстік Американың орта салмақтағы титулын иеленді.
Осы жекпе-жектің 7 раундында Куктың соққысынан Батлер есеңгіреп қалды. Төреші есеп ашып, онға санаған соң Батлер ары қарай жұдырықтасуға ниеті барын аңғартты. Алайда ол тəлтіректеп əзер тұрғасын, төреші жекпе-жекті тоқтатты. Бұл Батлердің жақтастарына ұнамады. Соның біреуі лақтырған шелек Куктің басына дəл тиіп, ол біраз уақыт өз-өзіне келе алмай қалды. Бұдан кейін екі боксшының жанкүйерлері қақтығысып, бірнеше адам ауыр жарақат алды.
Б.Кук — 18 кездесудің 11-ін нокаутпен аяқтаған боксшы.