Қазақ боксшылары 69 келі салмақ дәрежесінде қатарынан төртінші олимпиадада топ жарып, Кубаның 12 жыл бұрынғы жетістігін қайталады. Куба құрамасының былғары қолғап шеберлері 1992-2004 жылдар аралығында 91 келі салмақ дәрежесінде чемпион атағын ешбір елге берген жоқ. Оның үшеуін — Феликс Савон (1992, 1996, 2000), біреуін Одланьер Солис (2004) жеңіп алды.
Қазақ боксшылары арасынан Бақтияр Артаев (2004), Бақыт Сәрсекбаев (2008), Серік Сәпиев (2012) және Данияр Елеусінов (2016) олимпиадаларда топ жарды.
Кубалықтардан біздің басты ерекшелігіміз — 4 олимпиадада 4 боксшымыз даңқ тұғырына көтерілді.
Азамат!Әділбектің де айы оңынан туса екен…