«Қайрат» — «Енгордани» — 7:1 (Еппель, 4, 11, 44, 75, Есеола, 42, Исламхан,53, Вороговский, 87)
Еуропа лигасы. І іріктеу кезеңі. Қарымта матч
19 шілде

«Қайрат» командасының шабуылшысы Мартон Еппель «Енгордани» қақпасына 4 гол соғып, Қазақстан клубтарының мергендеріне қатысты жаңа рекорд жасады.

Бұған дейін қазақстандық командалардың ешбір ойыншысы еурокубоктарда бір ойында екіден көп гол соғып көрмеген еді. Еппель хет-трикті де қанағат тұтпай, бірден покер межесін белгіледі.

2002 жылдан бері Қазақстан командаларының мергендері 18 дубль жасапты:
1. «Ақтөбе» — 6 (С.Струков, С.Сымақов, М.Тілешев, К.Головской, Т.Кападзе, С.Давыдов)
2. «Қайрат» — 4 (А.Аршавин, Ж.Гоу-2, И.Иличевич)
3. «Астана» — 4 (Ж.Кабананга, П.Твумаси-2, М.Аничич)
4. «Шахтер» — 2 (Н.Василевич, Ұ.Қонысбаев)
5. «Тобыл» — 1 (Н.Мазбаев)
6. «Жетісу» — 1 (В.Киселев)

Мартонның тағы бір ерекше рекорды жақын жуықта қайталана қоюы екіталай. Мажар шабуылшысы «Қайрат» сапындағы алғашқы екі кездесуінде 5 гол авторы атанды. Бұған дейін 2 футболшы ғана еурокубоктарындағы алғашқы екі кездесуде де гол соқты. Бірақ олардың нәтижелілігі Еппельден төмен:
1. Е.Ловчев («Жеңіс). 2002 жыл. «Жеңіс» — «Шериф» – 4:4 (1:2, 3:2, екі матчта да гол)
2. И.Иличевич («Қайрат»). 2017 жыл. «Қайрат» — «Атлантас» — 8:1 (2:1, 6:0, бір матчта – дубль, бір матчта – 1 гол).