Түрлі ақпарат агенттіктерінің және жеке жанкүйерлердің ғаламтордағы суреттерін пайдалана отырып, Ресей-2018 додасының қызықты сәттерін назарларыңызға ұсынамыз.
«Анашым, қалым жақсы»
Мына мексикалық жігітті Ресейге әйелі жібермей қойған. Достары оның макетін жасап алып, қаладан қалаға қыдырып жүр.
«Әйт, шүу, көкшолақ!» Англия құрамасының Лингард бастаған футболшылары субәйгеде.
«Мәссаған, трибунада Неймар, Криштиану Роналду, Месси отыр! Қай командаға жанкүйер өздері?»
«Арман, арман, арман, арман, арман-ай!»
Ерекше жанкүйер
Келіншектеріне айтпаңыздар!
Ресей құрамасы жанкүйерлерінің тілегі
Гильерме Очоа: «Доп менікі!»
Мануель Нойер: «Жоқ, менікі!»
Серхио Рамос бәрімізді алдап жүр. Ол қорғаушы емес, суретші!
Кейлор Навас: «Үйбай, доп қайда?!»
Англия — Тунис. Адам дамуының эволюциясы
Чо Хөн У: «Ей, қойсаң қой-ей!»
Португалия — Марокко — 1:0. «Менің анам — марокколық, әкем — португалиялық. Қайсысын таңдарымды білмеймін…»