Қазақстан құрамасы өз тарихында бесінші рет қарсыласын 3:0 есебімен ойсырата жеңді. Бұған дейінгі 3:0 есептерінің бәріне отандастарымыз әлем чемпионаттарына іріктеу кезеңінде қол жеткізсе, енді бірінші рет жолдастық кездесуде осындай ірі есеппен жеңіп отыр. Соңғы рет Қазақстан құрамасы қарсыласынан он жыл бұрын 3:0 есебімен басым түскен еді:
1. 05.1997. ӘЧІ. Қазақстан – Пәкстан – 3:0
2. 10.1997. ӘЧІ. Қазақстан – БАӘ – 3:0
3. 04.2001. ӘЧІ. Қазақстан – Макао – 3:0
4. 08.2008. ӘЧІ. Қазақстан – Андорра – 3:0
5. 06.2018. ЖК. Қазақстан – Әзербайжан – 3:0
Қарсыласынан 3 немесе одан да жоғары есеппен соңғы рет Қазақстан құрамасы 2014 басымдық танытты. Сол жылы 5 қыркүйекте бас командамыз «Астана-Аренада» Қырғызстанды 7:1 есебімен тұқыртты.
(kff.kz фотосы)