Алматы журналистер лигасы

20 қаңтар. ІІ тур

«Жігер» – «Айбын» – 5:6 (2:5) (Дәурен Берікқажы, 2, 17, 19, 28, Жанарбек Әшімжан, 8 – Әлім Келбетов, 3, 6, 13, Есей Жеңісұлы, 9, Қуандық Шынасыл, 10, 25)  

«Жігер»: Жанарбек Әшімжан, Алмас Сәдуақас, Дәурен Бабамұрат, Мадияр Арыстанбаев, Ербол Азанбек, Әлібек Байбол, Жарас Ниязбек, Бауыржан Кәріпов, Дәурен Берікқажы

«Айбын»: Айбар Рысдәулет, Фархат Сейітов, Қуандық Шынасыл, Нұрлан Наурызәлиев, Руслан Ербота, Ерғали Бақаш, Әмірболат Құсайын, Әлім Келбетов, Есей Жеңісұлы

Матчтың статистикалық деректері:

  • «Айбын» командасы екі турда да 6 доптан соқты;
  • Дәурен Берікқажы мен Әлім Келбетов екі турда ерекше нәтижелілік танытты: Дәурен өткен турдағы дубліне бұл жолы покер қосты, Әлім екі турда да хет-трикпен көзге түсті;
  • Д.Берікқажы – лигада алғаш покер жасаған шабуылшы. Оның көрсеткішін осы турда Қосқанат Көпжасар («Бірлік») қайталады;
  • «Айбын» – жігерлі жеңіске қол жеткізген алғашқы команда;
  • «Жігер» — «Айбын» кездесуі – журналистер лигасында әзірге ең көп гол соғылған ойын (11 доп).

«Тұлпар» – «Намыс» – 1:7 (0:3) (Саттар Ерназаров, 19 – Өмірбек Сансызбай, 4, 20, Ақын Ордабай, 5, 22, Исламбек, 10, Нұрлан Ақынбаев, 18, 30

Ескерту алған: Қанат Байұзақов («Тұлпар»)

«Тұлпар»: Әзиз Тастаев, Жандос Айтбайұлы, Совет Сейітов, Тастанбек Жұмахан, Алмас  Құсман, Қанат Байұзақов, Саттар Ерназаров, Аманкелді Сейітхан

«Намыс»: Әнуар Кәрбозов, Ақын Ордабай, Исламбек, Өмірбек Сансызбай, Рустам Сағадиев, Абзал Сүлеймен, Жарас Кемелжан, Нұрлан Ақынбаев

Матчтың статистикалық деректері:

  • «Намыс» командасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді;
  • Қарсыласын ең үлкен доп айырмасымен жеңген алғашқы команда – осы «Намыс» (6 доп);
  • Екі турда да жеңілген жалғыз команда – «Тұлпар»;
  • Алғаш рет бір матчта 3 дубль тіркелді.

«Бірлік» – «Қыран» – 7:2 (3:0) (Қосқанат Көпжасар, 2, 13, 25, 30, Орынбек Сахидәулетұлы, 9,  Дулат Кәрібаев, 20, 29 – Амангелді Сейітхан, 18, Бауыржан Жақсымбет, 27)

«Бірлік»: Шоқан Махан, Қосқанат Көпжасар, Манас Қайыртай, Қуаныш Бажақ, Диас Нұрақын, Дәурен Дариябек, Алмат Исаділ, Рауан Оқас, Дулат Кәрібаев, Орынбек Сахидәулетұлы

«Қыран»: Срайыл Смайыл, Бақытжан Нұрпейісов, Амангелді Сейітхан, Бауыржан Жақсымбет, Дархан Келбетов, Қазбек Қашқабай, Ғалымбек Сымбат, Серік Ноянбай

Матчтың статистикалық деректері:

  • «Бірлік» командасы қатарынан екінші жеңісіне жетіп, доп айырмасының көптігінен көш бастады;
  • Қосқанат Көпжасар мергендік рекордын жаңартты: бірінші турдағы хет-тригіне бұл жолы ол покер қосты;
  • «Қыран», «Жігер» және «Тұлпар» командалары әлі жеңіске жеткен жоқ;
  •  Лиганың ең қарт футболшысы, жақында ғана 60 жасқа толған О.Сахидәулетұлы бұл турда алғашқы ойынға қатысып, бірден гол соғып көзге түсті.

Турдың жаңалықтары:

а) Бірінші турдан кейінгі кеңес бойынша, командалалар сапына жаңа ойыншылар қосылды (С.Ерназаров – «Тұлпар», Н.Ақынбаев – «Намыс», О.Сахидәулетұлы – «Бірлік»).

ә) Команда қақпашысы келмей қалған жағдайда, оның орнын сол команданың бір өкілі басуға тиіс. Бұл талап ІІ турда қатаң сақталды.

Ойын кестесі:

  1. «Бірлік» 2 2 0 0 12:3 6
  2. «Айбын» 2 2 0 0 12:7 6
  3. «Намыс» 2 1 0 1 8:6 3
  4. «Жігер» 2 0 1 1 8:9 1
  5. «Қыран» 2 0 1 1 5:10 1
  6. «Тұлпар» 2 0 0 2 3:13 0
    Мергендер:
    1. Қосқанат Көпжасар – 7 («Бірлік»). 2-3. Әлім Келбетов («Айбын»), Дәурен Берікқажы («Жігер») – 6. 4. Дулат Кәрібаев – 4 («Бірлік»)

Келесі тур (27 қаңтар):

«Намыс» — «Қыран»

«Жігер» — «Тұлпар»

«Бірлік» — «Айбын»

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here