13 қаңтар күні Алматыдағы Қазақстың туризм және спорт академиясының шағын футбол залында футзалдан Алматы журналистер лигасы жалауын көтерді.

Ұйымдастырушы азаматтар Дәурен Бабамұратов, Жандос Айтбайұлы алдын ала өтініштер қабылдап, лигаға бас-аяғы 65 журналисті тіркеді. Содан кейін арнайы жеребе рәсімін өткізіп, 6 команда атауын бекітті. Жеребе рәсімінен кейін «Бірлік» атауы — Шоқан Махан бастаған командаға, «Намыс» атауы — Ақын Ордабай бастаған командаға, «Жігер» атауы — Жанарбек Әшімжан бастаған командаға, «Қыран» атауы — Срайыл Смайыл бастаған командаға, «Тұлпар» атауы — Аманкелді Сейітхан бастаған командаға, «Айбын» атауы Есей Жеңісұлы бастаған командаға бұйырды. Футболшы-қаламгерлер шеберлік деңгейіне орай үш топқа бөлініп, әр капитан соқыр жеребе арқылы команда құрамын жасақтады.

Жарыстың ашылу салтанатына Туризм және спорт академиясының президенті Қайрат Закирьянов мырза қатысып, құттықтау сөз сөйледі, лига ойындарын ашық деп жариялады. Қайрат Хайроллаұлы журналистер бастамасына кең қолдау білдіріп, өзі басқарып отырған оқу орнының залын тегін ұсынды. Қатысушылар ректордың азаматтығына зор алғыс жаудырды, қолтаңбасы бар жаңа кітабын ықыласпен қабыл алды.

Қайрат Хайроллаұлы Аманкелді Сейітханға кітабын сыйлап тұр

Жалпы, журналистер арасында футбол мен футзалдан жарыстар 1996 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Дәстүрлі С.Бердіқұлов турнирі Астанада өткізілгелі, оңтүстік астана журналистері көштен қалғандай күй кешкені де жасырын емес. Сондықтан өткен жылы ұйымдастырылған БАҚ лигасын да, қазіргі Алматы журналистер лигасын да алматылық қаламгерлер қуана қабылдады. Ең бастысы, жаңа лигада кәсіпқой журналистер мен қаламгерлерлер ғана доп тебеді.

І тур. 13 қаңтар

«Бірлік» – «Намыс» – 5:1 (2:0)

Доп соққандар: Қосқанат Көпжасар – 3, Дулат Кәрібаев – 2 («Бірлік») – Өмірбек Сансызбай («Намыс»)

Ескерту алғандар: Алмат Исаділ («Бірлік»), Асқат Қылышбек («Намыс»)

«Бірлік»: Шоқан Махан, Қосқанат Көпжасар, Манас Қайыртай, Қуаныш Бажақ, Дәурен Дариябек, Алмат Исаділ, Рауан Оқас, Дулат Кәрібаев

«Намыс»: Ақын Ордабай, Исламбек, Өмірбек Сансызбай, Рустам Сағадиев, Асхат Қылышбек, Рүстем Қайыртай, Абзал Сүлеймен, Әнуар Кәрбозов, Жарас Кемелжан

«Жігер» – «Қыран» – 3:3 (1:1)

Доп соққандар: Нұржан Төлеков, Дәурен Берікқажы – 2 («Жігер») – Қазбек Қашқабай, Дарқан Келбетов, Срайыл Смайыл («Қыран»)

Ескерту алған: Нұржан Төлеков («Жігер»)

«Жігер»: Жанарбек Әшімжан, Алмас Сәдуақас, Нұржан Төлеков, Мадияр Арыстанбаев, Әлібек Байбол, Жарас Ниязбек, Нұрболат Сұлтанғазин, Дәурен Берікқажы

«Қыран»: Срайыл Смайыл, Бақытжан Нұрпейісов, Амангелді Сейітхан, Бауыржан Жақсымбет, Дархан Келбетов, Аман Тасыған, Қазбек Қашқабай, Ғалымбек Сымбат, Ержан Шайжан

Жанарбек Әшімжан мен Аман Тасығанның допқа таласы

«Тұлпар» – «Айбын» – 2:6

Доп соққандар: Совет Сейітов, Оңғар Қабденов («Тұлпар») – Фархат Сейітов – 2, Дәнеш Байболат, Әлім Келбетов – 3 («Айбын»)

Ескерту алған: Тастанбек Жұмахан («Тұлпар»)

«Тұлпар»: Аманкелді Сейітхан, Жандос Айтбайұлы, Әзиз Тастаев, Совет Сейітов, Оңғар Қабденов, Тастанбек Жұмахан, Асыл Махметов, Алмас  Құсман, Қанат Байұзақов, Бұлан Жамбыл, Нұрмұхаммед Мамырбеков

«Айбын»: Айбар Рысдәулет, Алмас Найманбай, Фархат Сейітов, Ернат Ысқақ, Нұрлан Наурызәлиев, Руслан Ербота, Дәнеш Байболат, Ерғали Бақаш, Әлім Келбетов, Абай Аймағамбетов, Есей Жеңісұлы

Әлім Келбетов бұл ойында хет-трик жасады

Турнир кестесі:

  1. «Айбын» 1 1 0 0 6:2 3
  2. «Бірлік» 1 1 0 0 5:1 3
  3. «Қыран» 1 0 1 0 3:3 1
  4. «Жігер» 1 0 1 0 3:3 1
  5. «Намыс» 1 0 0 1 1:5 0
  6. «Тұлпар» 1 0 0 1 2:6 0

Мергендер:

1-2. Қосқанат Көпжасар («Бірлік»), Әлім Келбетов («Айбын») — 3 доптан;

3-5. Дәурен Берікқажы («Жігер»), Дулат Кәрібаев («Бірлік»), Фархат Сейітов («Айбын») — 2 доптан

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here