Бүгін Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты бас бапкер Станимир Стойлов пен ҚФФ арасындағы келісімшарт екіжақты келісім негізінде үзілгенін хабарлады.

Болгариялық маман құрама тізгінін 2018 жылдың наурыз айында ұстаған болатын. Оның басшылығымен Қазақстан құрамасы:

а) 9 кездесу өткізіп, 3 жеңіске жетті (Венгрия – 3:2, Әзербайжан – 3:0, Андорра – 4:0), 3 тең ойын өткізді (Андорра – 1:1, Латвия – 1:1, 1:1), 3 рет жеңілді (Болгария – 1:2, Грузия – 0:2, 1:2);

ә) ФИФА рейтингінде 2018 жылды 135 орында бастап, 119 орында аяқтады;

б) 3 жолдастық кездесу өткізді, оның алғашқысында Венгрияны сырт алаңда жеңді (3:2), Әзербайжаннан тұңғыш рет ірі есеппен (3:0) басым түсті;

в) Ұлттар лигасында өткізген 6 кездесудің біреуінде ғана жеңіп, негізгі қарсыласы Грузиядан екі кездесуде де ұтылды. Ұлттар лигасында D1 тобында екінші орында қалып, С лигасына көтеріле алмады;

Стойлов Қазақстан құрамасын жаттықтырған 16 (он алтыншы) бас бапкер болды. Ол:

а) Қазақстан құрамасы тізгінінде ең көп матч өткізген бестігіне ене алмады.

1. А.Пайперс (Голландия) – 36 матч

2. М.Беранек (Чехия) – 24

3. С.Бердалин (Қазақстан) – 20

4. Ю.Красножан (Ресей) – 17

5. Б.Шторк (Германия) – 14

6. С.Тимофеев (Қазақстан) – 13

7-8-9. В.Талғаев (Қазақстан), В.Масудов (Қазақстан), С.Стойлов (Болгария) – 9.

ә) Дегенмен жинаған ұпайдың пайыздық көрсеткіші жағынан С.Стойлов Қазақстан УЕФА-ға мүше болғалы ең тиімді бапкер болып отыр.

1. Б.Байсейітов (1992) – 71,43% (7 ойын, 4 жеңіс, 3 тең ойын, 0 жеңіліс)

2. В.Масудов (2001-2002) – 59,26% (9 – +4=4-1)

3. В.Талғаев (2000) – 55,56% (9 – +5=0-4)

4. С.Гороховодацкий (1998) – 46,67% (5 – +2=1-2)

5. С.Стойлов (2018) — 44,44% (9 – +3=3-3)

б) УЕФА-ға мүше болғалы тек С.Стойловтың басшылығымен ғана Қазақстан құрамасы соққан доптардың саны өз қақпасына жіберген голдар санынан артық болды:

1. Л.Пахомов (2003-2004) – 12:22

2. С.Тимофеев (2004-2005) – 6:33

3. А.Пайперс (2006-2008) – 29:51

4. Б.Шторк (2008-2010) – 12:35

5. М.Беранек (2011-2013) – 24:45

6. Ю.Красножан (2014-2015) – 18:25

7. Т.Байсуфинов (2016) – 6:12

8. А.Бородюк (2017) – 4:18

9. С.Стойлов (2018) – 15:11

www.kff.kz фотосы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here