АҚШ-тың Калифорния штатындағы Санта-Инез қаласында кәсіпқой бокс кеші өтіп, ортаға шыққан екі отандасымыз да жеңіске жетті.

Бірінші орта салмақ дәрежесінде Мадияр Әшкеев (11-0, 6КО) он раундтық жекпе-жекте Луис Эрнандесті (Пуэрто-Рико, 16-7, 9КО) төрешілердің ортақ шешімімен тұқыртты.

«Әрине, нокаутпен жеңгім келді. Алайда қарсыласым қоян-қолтық ұрыстан қашқақтай берді. Үшінші раунд қана Эрнандестің пайдасына жазылғанын өзім де шамаладым, басқа раундтардың бәрінде менің басымдығым күмән тудырған жоқ» дейді Әшкеев.

Ал орта салмақта Мейірім Нұрсұлтанов мексикалық Рамон Агинагамен кездесіп, екінші раундта қарсыласын естен тандырды. Ол осы жеңісінен кейін BoxRec рейтингінде 32-орынға көтерілді. Әшкеев болса, 127-сатыда тұр.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here