Ұлттар лигасы

Грузия – Қазақстан – 2:1 (Меребашвили, 59, Чакветадзе, 84 – Өміртаев, 90)

«Шахтердің» 20 жастағы шабуылшысы Оралхан Өміртаев бұл кездесуде Қазақстан құрамасы сапындағы алғашқы матчын өткізіп қана қоймай, құрама сапындағы алғашқы добын да соғып үлгерді.

Құрама тарихында алғашқы матчта мергендік танытқан футболшылар:

Футболшы Матч Күн Турнир Минут Есеп Қақпашы Стадион
1. В.Нидергаус Қазақстан – Түркменстан – 1:0 01.06.1992 ЖК 85 1:0 А.Коробко Алматы, Орталық
2. Б.Байсейітов Қазақстан – Ливия – 1:0 03.07.1992 ЖК 78 1:0   Пхеньян
3. Қ.Әубәкіров Қырғызстан — Қазақстан – 1:1 26.09.1992 ЖК 60 0:1 С.Тюленев Бішкек, «Спартак»
4. Б.Есмағамбетов Қазақстан – Пәкстан – 3:0 11.05.1997 ӘЧІ-98 2 1:0 М.Жүніс Алматы, Орталық
5. А.Клишин Ирак – Қазақстан – 1:2 06.06.1997 ӘЧІ-98 34 1:1 Емад Хашим Бағдат, «Шааб»
6. В.Зубарев Пәкстан – Қазақстан – 0:7 11.06.1997 ӘЧІ-98 64 0:5 М.Жүніс Лахор, Railway Field
7. Д.Кенжеханов Қазақстан – Грузия – 1:2 17.08.2005 ӘЧІ-06 24 1:0 Г.Ломая Алматы, Орталық
8. С.Гридин Қазақстан – Әзербайжан – 2:1 03.06.2011 ЕЧІ-12 57 1:0 К.Ағаев Астана, «Астана-Арена»
9. В.Евстигнеев Әзербайжан – Қазақстан – 3:2 06.09.2011 ЕЧІ-12 77 3:2 К.Агаев Баку, Т.Бахрамов
10. Б.Зайнутдинов Венгрия – Қазақстан – 2:3 23.03.2018 ЖК 10 0:2 П.Гулачи Будапешт, «Групама Арена»
11. Е.Сейдахмет Венгрия – Қазақстан – 2:3 23.03.2018 ЖК 39 1:3 П.Гулачи Будапешт, «Групама Арена»
12. О.Өміртаев Грузия – Қазақстан – 2:1 19.11.2018 ҰЛ 88 2:1 Г.Лория Тбилиси, Б.Пайчадзе

Өміртаев алаңға шыққанына 3 минут өте салып мергендік танытты. Бірақ ол алғашқы матчында ең жылдам гол соққан отандасымыз емес. 2011 жылдың 6 қыркүйегінде Еуро-2012 іріктеу кезеңі аясындағы кездесуде жартылай қорғаушы Виталий Евстигнеев алаңға шыға салысымен (77 минут) Кәмран Ағаев қорғаған қақпаға доп соғып, есеп айырмасын қысқартқан еді. Бірақ ол кездесуде де Қазақстан құрамасы ұпайға ие бола алмады.

О.Өміртаев құрама сапындағы алғашқы кездесуінде хет-трик жасаған Виктор Зубаревті (1997 жыл, Пәкстан – Қазақстан – 0:7), дубль жасаған Б.Есмағамбетовті (1997 жыл, Қазақстан – Пәкстан – 3:0) және Сергей Гридинді (2011 жыл, Қазақстан – Әзербайжан – 2:1) қуып жете алмайды. Дегенмен алғашқы үш ойында да мергендік танытқан Алексей Клишинді (1997 жыл, Ирак – Қазақстан – 2:1, Пәкстан – Қазақстан – 0:7, Қазақстан – Ирак – 3:1) қуып жетуге тырысуына болады.

Биыл Қазақстан құрамасының 3 дебютанты (Зайнутдинов, Сейдахмет, Өміртаев) құрамадағы алғашқы кездесулердін гол соғып көзге түсті. Бірақ бұл рекорд емес. 1992 жылы да (Нидергаус, Байсейітов, Әубәкіров), 1997 жылы да (Есмағабетов, Клишин, Зубарев) үш футболшы Қазақстан үшін алғашқы ойындарында мергендікпен танылған болатын.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here