Ұлттар лигасы

Грузия – Қазақстан – 2:1 (Меребашвили, 59, Чакветадзе, 84 – Өміртаев, 90)

«Шахтердің» 20 жастағы шабуылшысы Оралхан Өміртаев бұл кездесуде Қазақстан құрамасы сапындағы алғашқы матчын өткізіп қана қоймай, құрама сапындағы алғашқы добын да соғып үлгерді.

Құрама тарихында алғашқы матчта мергендік танытқан футболшылар:

ФутболшыМатчКүнТурнирМинутЕсепҚақпашыСтадион
1.В.НидергаусҚазақстан – Түркменстан – 1:001.06.1992ЖК851:0А.КоробкоАлматы, Орталық
2.Б.БайсейітовҚазақстан – Ливия – 1:003.07.1992ЖК781:0 Пхеньян
3.Қ.ӘубәкіровҚырғызстан — Қазақстан – 1:126.09.1992ЖК600:1С.ТюленевБішкек, «Спартак»
4.Б.ЕсмағамбетовҚазақстан – Пәкстан – 3:011.05.1997ӘЧІ-9821:0М.ЖүнісАлматы, Орталық
5.А.КлишинИрак – Қазақстан – 1:206.06.1997ӘЧІ-98341:1Емад ХашимБағдат, «Шааб»
6.В.ЗубаревПәкстан – Қазақстан – 0:711.06.1997ӘЧІ-98640:5М.ЖүнісЛахор, Railway Field
7.Д.КенжехановҚазақстан – Грузия – 1:217.08.2005ӘЧІ-06241:0Г.ЛомаяАлматы, Орталық
8.С.ГридинҚазақстан – Әзербайжан – 2:103.06.2011ЕЧІ-12571:0К.АғаевАстана, «Астана-Арена»
9.В.ЕвстигнеевӘзербайжан – Қазақстан – 3:206.09.2011ЕЧІ-12773:2К.АгаевБаку, Т.Бахрамов
10.Б.ЗайнутдиновВенгрия – Қазақстан – 2:323.03.2018ЖК100:2П.ГулачиБудапешт, «Групама Арена»
11.Е.СейдахметВенгрия – Қазақстан – 2:323.03.2018ЖК391:3П.ГулачиБудапешт, «Групама Арена»
12.О.ӨміртаевГрузия – Қазақстан – 2:119.11.2018ҰЛ882:1Г.ЛорияТбилиси, Б.Пайчадзе

Өміртаев алаңға шыққанына 3 минут өте салып мергендік танытты. Бірақ ол алғашқы матчында ең жылдам гол соққан отандасымыз емес. 2011 жылдың 6 қыркүйегінде Еуро-2012 іріктеу кезеңі аясындағы кездесуде жартылай қорғаушы Виталий Евстигнеев алаңға шыға салысымен (77 минут) Кәмран Ағаев қорғаған қақпаға доп соғып, есеп айырмасын қысқартқан еді. Бірақ ол кездесуде де Қазақстан құрамасы ұпайға ие бола алмады.

О.Өміртаев құрама сапындағы алғашқы кездесуінде хет-трик жасаған Виктор Зубаревті (1997 жыл, Пәкстан – Қазақстан – 0:7), дубль жасаған Б.Есмағамбетовті (1997 жыл, Қазақстан – Пәкстан – 3:0) және Сергей Гридинді (2011 жыл, Қазақстан – Әзербайжан – 2:1) қуып жете алмайды. Дегенмен алғашқы үш ойында да мергендік танытқан Алексей Клишинді (1997 жыл, Ирак – Қазақстан – 2:1, Пәкстан – Қазақстан – 0:7, Қазақстан – Ирак – 3:1) қуып жетуге тырысуына болады.

Биыл Қазақстан құрамасының 3 дебютанты (Зайнутдинов, Сейдахмет, Өміртаев) құрамадағы алғашқы кездесулердін гол соғып көзге түсті. Бірақ бұл рекорд емес. 1992 жылы да (Нидергаус, Байсейітов, Әубәкіров), 1997 жылы да (Есмағабетов, Клишин, Зубарев) үш футболшы Қазақстан үшін алғашқы ойындарында мергендікпен танылған болатын.