«Қайрат» командасының жартылай қорғаушысы Андрей Аршавин өзінің биылғы әлем чемпионатына қатыспайтыны туралы ойын білдірді.

«Мені құрамаға шақырған жоқ. Бұдан бұрын да айтқанымдай, мен әлі күнге құрамада ойнап жүрсем және 37 жасымда да оған қажет болсам, Ресей құрамасы әлсіз команда болар еді.

Футбол алға басып барады. Енді денелі жас жігіттердің заманы туды. Мен футболға араласқалы  Ресей ұлттық құрамасын жұрт үнемі осал санап келе жатыр. Биыл да сондай сөз көп. Көреміз.

Егер Ресей топтан шығатын болса, елде керемет мереке болар еді. Ресей топтан озуға тиіс.

Қазір командада менімен бірге ойнаған бірнеше футболшы бар – Игорь Акинфеев, Юрий Жирков және Сергей Игнашевич. Бірақ олармен доп додасы алдында кездескен жоқпын» деді Аршавин

А.Аршавин Ресей құрамасы сапында 74 матч өткізіп, 17 гол соққын.

Еуро-2008 додасының қола жүлдегері.

Өкінішке қарай, Аршавин әлем чемпионаттарының финалдық кезеңіне мүлде қатысқан жоқ.

«Қайрат» сапында 2016 жылдан бері 66 матч өткізіп, 20 гол соқты.

Ресей құрамасы А тобына Сауд Арабиясы, Египет және Уругвай құрамаларымен ойнайды.  14 маусымда, чемпионат беташарында ресейліктер Сауд Арабиясы құрамасымен ойнайды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here