Ұлттар лигасы. D1 тобы
1 тур. 16 қазан

Қазақстан – Андорра – 4:0 (Сейдахмет, 21, Тұрысбек, 39, Гомес, 61-өз қақпасына, Муртазаев, 74)

Қазақстан құрамасы өз тарихындағы он бесінші ірі жеңіске қол жеткізді.

1.Қазақстан – Пәкстан – 3:011.05.1997ӘЧІ98Алматы. ОС
2.Қазақстан – БАӘ – 3:018.10.1997ӘЧІ98Алматы. ОС
3.Қазақстан – Макао – 3:014.04.2001ӘЧІ02Бағдад. «Шааб»
4.Қазақстан – Андорра – 3:020.08.2008ӘЧІ10Алматы. ОС
5.Қазақстан — Әзербайжан — 3:005.06.2018ЖКАстана, «Астана-Арена»
6.Қазақстан — Қырғызстан — 5:201.06.2012ЖКАлматы, ОС
7.Қазақстан – Тәжікстан – 4:102.07.2006ЖКАлматы. ОС
8.Қазақстан – Пәкстан – 4:008.04.2000АКІ00Доһа. «әл-Араби»
9.Қазақстан – Непал – 4:021.04.2001ӘЧІ02Алматы. ОС
10.Қазақстан — Андорра — 4:016.10.2018ҰЛ18Астана, «Астана-Арена»
11.Қазақстан – Макао – 5:023.04.2001ӘЧІ02Алматы. ОС
12.Лаос – Қазақстан – 0:503.12.1998АО98Си-Са-Кет
13.Қазақстан – Непал – 6:012.04.2001ӘЧІ02Бағдад. «Шааб»
14.Қазақстан — Қырғызстан — 7:105.09.2014ЖКАстана, «Астана-Арена»
15.Пәкстан – Қазақстан – 0:711.06.1997ӘЧІ98Лахор. «Railway Field»

Кестеден байқап отырғандарыңыздай, біздің құрама 1992 жылдан бері қарсыластарын 3 доп айырмасымен – 7 рет, 4 доп айырмасымен – 3 рет, 5 доп айырмасымен – 2 рет, 6 доп айырмасымен – 2 рет, 7 доп айырмасымен 1 рет жеңген.

Бұған дейін соңғы рет отандастарымыз қарсыласын 4 және одан көп доп айырмасымен 4 жыл бұрын жеңген еді (Қазақстан – Қырғызстан – 7:1). Ал ресми кездесулерде қарсыласты 4 доп айырмасымен 17 жыл бұрын жеңді (2001 жыл. Қазақстан – Макао – 5:0).

Қазақстан құрамасы еуропалық қарсыластарын 3 рет қана ірі есеппен жеңді. Екі рет – Андорра (3:0, 4:0), бір рет Әзербайжан (3:0) бізден ойсырай ұтылды. Ең қызығы, УЕФА мүшелерін ірі есеппен тұқырту рекорды осы маусымға тән (2 ойын).