Ұлттар лигасы. D1 тобы
1 тур. 16 қазан

Қазақстан – Андорра – 4:0 (Сейдахмет, 21, Тұрысбек, 39, Гомес, 61-өз қақпасына, Муртазаев, 74)

Қазақстан құрамасы осы матчта өз тарихындағы 200-добын енгізді. Оны ойынның 61 минутында андорралық қақпашы Ж.Гомес өз қақпасына соғып алды. Өз тарихында құрамамыз 189 матч өткізіп, 201 гол дарытты. Әр ойынға 1,06 доптан келеді.

Қазақстан құрамасының мерейлі голдары мынадай:
1-гол: Владимир Нидергаус. 01.06.1992 ж. Алматы. ЖК. Қазақстан – Түркменстан – 1:0 (85 минут)
50-гол: Алексей Клишин. 08.04.2000 ж. Доһа. АКІ. Қазақстан – Пәкістан – 4:0 (72 мин – 4:0)
100-гол: Руслан Балтиев. 05.07.2006 ж. Алматы. ЖК. Қазақстан – Қырғызстан – 1:0 (20 мин, пенальтиден)
150-гол: Қайрат Нұрдәулетов. 07.09.2012 ж. Астана. ӘЧІ. Қазақстан – Ирландия – 1:2 (37 мин – 1:0)
200-гол: Жозеп Гомес (Андорра). 16.10.2018 ж. Астана. ҰЛ. Қазақстан – Андорра – 4:0 (61 мин – 3:0, автогол)

1 және 50 доптар арасында Қазақстан сегіз жыл уақытын сарп етті. Мұның себебі анық: АФК-ға мүше кезінде Қазақстан құрамасы ресми және жолдастық кездесулерді өте аз өткізді.

Одан кейінгі әр 50 добына Қазақстан үнемі 6 жылдан астам уақыт жұмсап келеді. Бұл құрамамыздың допты өте аз соғатынына дәлел.

Бұған дейін сайтымызда Қ.Нұрдәулетовтің мерейлі голы туралы жазған едік.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here