Ұлттар лигасы. 1 тур
D1 тобы. 6 қыркүйек
Қазақстан – Грузия – 0:2 (Чакветадзе, 69, Малый-74-өз қақпасына)

Ұлттар лигасы тарихындағы алғашқы матч қазақ жерінде өтіп, Қазақстан құрамасы Грузиядан екі доп айырмасымен жеңілді.
Бұл – екі құраманың бесінші кездесуі. Ресми ойындарда грузиндер үш кездесудің екеуінде жеңіске жетті. Екеуіне де олар Қазақстанда қол жеткізді:
17.08.2005 ж. ӘЧІ-2006. Қазақстан – Грузия – 1:2 (Кенжеханов, 24 – Деметрадзе, 51, 83)
06.09.2018 ж. ҰЛ. Қазақстан Грузия – 0:2

2006 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінен кейін Қазақстан мен Грузия екі жолдастық кездесу өткізіп, отандастырымыз бір рет жеңіп, бір ойынды тең аяқтады.

Кешегі кездесуден кейін Грузия құрамасы Қазақстанмен ең көп ойнаған алғашқы 8 құрама қатарына қосылды.
1. Әзербайжан – 9 кездесу
2. Қырғызстан – 7
3. Армения – 7
4. Түркия – 6
5. Өзбекстан – 6
6. Польша – 5
7. Грузия – 5
8. Латвия – 5
(Кестеде көрсеткіші бірдей құрамалармен ресми ойындардың көптігі назарға алынды).

kff.kz фотосы