Әлем чемпионатының төрешілері
Әлем чемпионатында таңдаулы 36 арбитр төрелік етеді. Олардың ішінде Р.Ирматов, Ф.Брых, Ж.Чакыр, К.Тюрпен сияқты танымал тұлғалар да бар.
Осы төрешілердің төртеуі әр жылдары Қазақстан құрамасы өткізген7 матчта бас қазы болды. Ең көп матч (3) Раушан Ирматовтың еншісінде.
Р.Ирматов (Өзбекстан)
07.03.2007 жыл. Қазақстан – Қырғызстан – 2:0
11.08.2010 жыл. Қазақстан – Оман – 3:1
12.05.2015 жыл. Қазақстан – Буркина-Фасо – 0:0
К.Тюрпен (Франция)
02.09.2011 жыл. Түркия – Қазақстан – 2:1
10.10.2015 жыл. Қазақстан – Голландия – 1:2
Ф.Брых (Германия)
10.09.2008 жыл. Қазақстан – Украина – 1:3
М.Мажич (Сербия)
07.10.2011 жыл. Бельгия – Қазақстан – 4:1
Чемпионаттың беташар матчында аргентиналық Нестор Питана бастаған төрешілер бригадасы қызмет көрсетеді. Қос қапталда Хуан Пабло Белатти мен Ернан Майдана, ал төртінші төреші міндетін Сандру Риччи (Бразилия) атқарады.
Сонымен, Ресей-2018 додасында қазылық жасайтын төрешілер:
Еуропа. Ф.Брых (Германия), Ж.Чакыр (Түркия), С.Карасев (Ресей), Б.Кюйперс (Нидерланд), Ш.Марциняк (Польша), А.Матеу Лаос (Испания), Д.Рокки (Италия), Д.Скомина (Словения), К.Тюрпен (Франция), М.Мажич (Сербия)
Азия. Ә.Фагани (Иран), Р.Ирматов (Өзбекстан), Ф.әл-Мирдаси (Сауд Арабиясы), А.Мохаммед Мохаммед (БАӘ), Р.Сато (Жапония), Н.Шүкралла (Бахрейн)
Африка. М.Абид Чареф (Алжир), М.Диеду (Сенегал), Г.Гриша (Египет), Б.Папа Гассама (Гамбия), Я.Сиказве (Замбия), Б.Тессема Вайасе (Эфиопия)
Орталық және Солтүстік Америка. М.Гейгер (АҚШ), Р.Монтеро (Коста-Рика), Д.Питти (Панама), Х.Агилар (Сальвадор), С.Артуро Палазуелос (Мексика), Ж.Марруфо (АҚШ)
Оңтүстік Америка. Х.Баскуньян (Чили), Е.Касерес (Парагвай), А.Кунья (Уругвай), Н.Питана (Аргентина), С.Риччи (Бразилия), В.Ролдан (Колумбия)
Мұхиттар аймағы. М.Конгер (Жаңа Зеландия), Н.Ауата (Таити)