Германия құрамасы әлем чемпионаттарында 4 рет топ жарды.

1954 жылы Зеп Хербергердің жетекшілігімен немістер финалда Венгрияны 3:2 есебімен жеңді!

1974 жылы Хельмут Шөннің жетекшілігімен финалда Голландияны 2:1 есебімен қапы қалдырды.

Осы екі финалда да Германия жігерлі жеңіске жетті (1954 жыл — 0:2-ден 3:2-ге, 1974 жылы — 0:1-ден 2:1-ге).

1990 жылы Франц Беккенбауэрдің жетекшілігімен финалда Аргентинаны 1:0 есебімен тұқыртты. Жеңіс голын 85 минутта пенальтиден Андреас Бреме соқты.

2014 жылы Иоахим Лөвтің жетекшілігімен финалда Аргентинаны тағы да 1:0 есебімен жерге қаратты. Жеңіс голын 113 минутта соқты.

Жақында Әлем кубогын жеңіп алған 4 ұрпақ өкілдері суретке түсті.

Суретте (солдан оңға қарай): Франц Беккенбауэр (1974), Хорст Еккель (1954), Лотар Маттеус (1990) және Филипп Лам (2014).