Қазақстан премьер-лигасы
26 тур
9-10 қыркүйек 
 
«Астана» — «Атырау» — 7:0 (Мұжықов, 28, 38, Муртазаев, 44, Томасов, 60, 89, Граховац, 69, Твумаси, 87)
«Ақжайық» — «Оқжетпес» — 2:0 (Дудченко, 42, Главина, 45)
«Ертіс» — «Тобыл» — 1:2 (Квеквескири, 73-өз қақпасына — Щеткин, 41, Кассай, 82) 
«Қайрат» — «Қайсар» — 3:1 (Исаэль, 14, Исламхан, 18, Аршавин, 90+2 — Курьор, 40)
«Ақтөбе» — «Шахтёр» — 2:0 (Валиуллин, 52, Обрадович, 81) 
«Ордабасы» — «Тараз» — 1:0 (Ковальчук, 41)

* «Астана» командасы өз тарихындағы ең ірі жеңісіне жетті. Бұған дейін елордалықтар қарсыластарын 2 рет — 6:1 есебімен (2011 — «Қайрат»,  2014 — «Астана»), 3 рет 5:0 есебімен (2013 — «Атырау», 2014 — «Ордабасы», «Спартак») тұқыртқан еді.

* «Атырау» командасының» қақпашысы Жасур Нәрзіқұлов Қазақстан премьер-лигасындағы 150 матчын өткізді. Бұл көрсеткішке ол 5 команда («Ордабасы», «Ақтөбе», «Қайсар», «Тараз», «Атырау») командалары сапында жетті. 150 ойында Нәрзіқұлов өзі қорғаған қақпаға 147 гол жіберіп алды.

* «Астана» командасының жартылай қорғаушысы Серікжан Мұжықов «Атырау» қақпасына қос гол соғып, өзінің Қазақстан чемпионаттарындағы рекордын қайталады. Ол биыл 6 дәл соққы жасады. 2010 жылы «Жетісу» сапында ол 6 гол авторы атанып, ең нәтижелі маусымын өткізген еді.

* С.Мұжықов өз ғұмырындағы үшінші дублін жасады. Бұған дейін ол 2010 жылы — ел чемпионатында, 2012 жылы Қазақстан кубогында 1 матчта 2 гол соққан болатын.

* Бұл тур белгілі мергендердің «гол құрғақшылығынан» арылған күні болды. Р.Муртазаев — 20 мамырдан бері, Б.Исламхан 17 маусымнан бері ешбір турнирлерде көзге түсе алмаған еді. Ал «Ақжайықтың» украиналық шабуылшысы К.Дудченко өткен жылдың 22 қазанынан бері 13 кездесуде қанжығасын майлай алмаған-ды.

* Р.Валиуллин «Ақтөбе» сапындағы алғашқы голын соқты.

* «Қайрат» биылғы жеңіліссіз ойындар сериясының үздік көрсеткішін жаңартты. Осы турда алматылықтар 14 ойында қатарынан жеңілмеген осы маусымдағы алғашқы команда болды. 

* «Астана» қатарынан 9-жеңісіне жетті. Бұл да — биылғы ең үздік серия.