Қазақстан премьер-лигасы
26 тур
9-10 қыркүйек
«Ертіс» — «Тобыл» — 1:2 (Квеквескири, 73-автогол — Щеткин, 41, Кассай, 82)
Қазақстан құрамасының және «Тобыл» командасының капитаны Алексей Щеткин бұл кездесуде өзінің үлкен футболдағы 50-голын соқты.
Бұл 50 гол:
1. 6 команда («Жетісу», «Атырау», «Тараз», «Астана», Ақтөбе», «Тобыл») сапында соғылды;
2. 10 жыл ішінде енгізілді (2009 жылдан бері);
3. 237 ойында (190 — премьер-лига, 18 — ел кубогы, 20 — ұлттық құрама, 9 — еурокубок) қақпаларға енді;
4. 3 түрлі турнирде соғылды: 44- премьер-лига, 5 — ел кубогы, 1 — ұлттық құрама (жолдастық кездесу);
Осы елу голды жылдарға бөлсек:
2010 жыл — 9 гол (7 — премьер-лига, 2 — ел кубогы)
2011 жыл — 5 (5)
2012 жыл — 3 (1, 2)
2013 жыл — 6 (6)
2014 жыл — 7 (7)
2015 жыл — 5 (3, 1, 1 — ұлттық құрама)
2016 жыл — 6 (6)
2017 жыл — 9 (маусым әлі аяқталған жоқ)
Ең көп голды «Жетісу» командасы сапында соққан (19 гол).
Ең көп голды «Атырау» қақпасына соққан (6 гол).
Щеткиннен ең көп гол жіберген қақпашы — А.Пасеченко (7 гол).
І таймдарда — 20, ІІ таймдарда 30 доп соққан.
Екінші таймдардың алғашқы 15 минутында жиі мергендік танытқан (10 гол).
«Жетісу» (Талдықорған) стадионында ең көп гол соққан (10 гол).
49 голы — Қазақстанның ішкі жарыстары, 1 голы — халықаралық.
Мамыр айында мергендігі мықты (10 гол).
Өз алаңында — 27, сырт алаңдарда — 22, бейтарап алаңда 1 гол авторы атанған.