Қазақстан премьер-лигасы
28 мамыр. 4 турдың кейінге қалдырылған кездесуі
«Астана» — «Шахтер» — 4:1 (Кабананга, 10, 19, 56, Мұжықов, 24 — Тәттібаев, 52)

Бұған дейін 11 тур қорытындысы бойынша «Қайрат» командасының биылғы жеңіліссіз серия рекордын жасағанын айтқан едік. Бұл көрсеткішті тур айналмай жатып-ақ «Астана» жаңартты. Қазір «Астананың» жеңіліссіз ойындар сериясы — 13 матч. Чемпиондар биылғы 1 турда ғана «Ордабасыдан» ұтылып (0:3), одан бергі 13 кездесуде жеңілген жоқ — (10 жеңіс, 3 тең ойын).

Дегенмен «Астананың» бұл көрсеткіші соңғы 10 жылдағы рекордқа жақындай қойған жоқ. Оны қайталау үшін елордалықтар әлі 6 ойынды нәтижелі аяқтауға тиіс.

Рекорд «Ақтөбеге» тиесілі. Бұл команда 2015 жылдың 7 наурыз-5 шілдесі аралығындағы 19 кездесуде (11 жеңіс, 8 тең ойын) қарсыластарына есе жіберген жоқ.

fca.kz фотосы