Қазақстан құрамасы Даниямен УЕФА аясында өзі өткізген алғашқы іріктеу турнирінде қарсылас болды. 2006 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Қазақстан 2-топқа түсіп, Дания, Түркия, Украина, Грекия, Албания, Грузия құрамаларымен жолдаманы сарапқа салды. Сергей Тимофеев жаттықтырған командамыз 12 кездесудің 11-інде ұтылып, 1 ойынды ғана (сырт алаңда Грузиямен — 0:0) тең аяқтады. Дания өз алаңында отандастарымызды 3:0 есебімен ойсырата жеңіп, Алматыда 2:1 есебімен басым түсті.

Ол ойындардың статистикалық көрсеткіші мынадай:

ДАНИЯ – ҚАЗАҚСТАН – 3:0
Гол соққандар: Мёллер, 10, 47, Поульсен, 34
ДАНИЯ: Т.Сөренсен, К.Поульсен, Б.Приске, М.Лаурсен, Т.Хельвег, Д.Йенсен, М.Йоргенсен, П.Мёллер, Й.Гронкьяер (М.Сильбербауэр, 73), Н.Йенсен (К.Йенсен, 46), Й.Даль-Томассон (К.Перес, 46)
ҚАЗАҚСТАН: Новиков, Ляпкин, Авдеев, Сымақов (к), Фамильцев, Өтебаев (Дубинский, 77), Чичулин (Ларин, 46), Травин (Байжанов, 56), Карпович, Балтиев, Родионов
26.03.2005. Копенгаген, Parken стадионы, 20980 көрермен
Төреші: Гжегош Гилевски (Польша)

ҚАЗАҚСТАН – ДАНИЯ – 1:2
Гол соққандар: Кучма, 86 — Гравгаард, 46), Томассон, 49
ҚАЗАҚСТАН: Новиков, Авдеев, Фамильцев (Ларин, 56), Мұқанов, Кучма, Сымақов, Хохлов, Карпович, Жұмасқалиев, Ырысметов (Травин, 66), Литвиненко (Кенжеханов, 50)
ДАНИЯ: Сөренсен (Й.Кристиансен, 46), Приске, П.Нильсен, Гравгаард, Н.Йенсен (Хельвег, 87), Роммедаль (Каленберг, 46), К.Поульсен, Д.Йенсен, С.Ларсен, Йоргенсен, Томассон
Ескерту алғандар: Мұқанов, 26, Авдеев, 29, Ырысметов, 42 — Ларсен, 18, Поульсен, 26, Д.Йенсен, 43
Авдеев 87 минутта алаңнан қуылды
12.10.2005. Алматы, Орталық стадион, 10000 көрермен
Төреші: Эдо Тривкович (Хорватия)

11 жыл бұрын өткен қос матчқа қазіргі футболшылардан М.Байжанов қана қатысқан. С.Сымақов осы кездесу алдында құрамамен қош айтысты. Ал Ю.Новиков қазір Қазақстан құрамасының қақпашыларын жаттықтырады.