Криштиану Роналду осы аптада Португалия құрамасы сапында 5 гол соқты. Ол 2018 жылғы әлем біріншілігіне іріктеу кезеңі аясында Андорра құрамасының қақпасына (6:0) — 4, Фарер құрамасына (6:0) 1 гол енгізді. Осы дәл 5 соққыдан кейін Роналду Еуропа құрамалары тарихындағы үздік мергендер тізімінде 6-орынға көтерілді. Бұл туралы УЕФА ресми сайты хабарлады.
Роналду бұған дейін осы сатыда тұрған Швеция құрамасының шабуылшысы Златан Ибрагимович тұрған болатын. Ибрагимович биылғы Еуропа додасынан кейін құрамадан кететінін мәлімдеді және Швеция құрамасының күздегі 3 матчына да қатысқан жоқ. Демек, ол енді Криштиану Роналдуды қуып жете алмайды.
Еуропа құрамаларының бас мергендері (алғашқы ондық):
1. Ференц Пушкаш (Венгрия/Испания) – 84 гол (89 матч)
2. Шандор Кочиш (Венгрия) – 75 (68)
3. Мирослав Клозе (Германия) – 71 (137)
4. Герд Мюллер (ГФР) – 68 (62)
5. Робби Кин (Ирландия) – 68 (146)
6. Криштиану Роналду (Португалия) – 66 (135)
7. Златан Ибрагимович (Швеция) – 62 (116).
8. Имре Шлоссер (Венгрия) – 59 (68)
9. Давид Вилья (Испания) – 59 (97)
10-11. Ян Коллер (Чехия) – 55 (91)
10-11. Йоахим Штрайх (ГДР) – 55 (102)
Англия құрамасының шабуылшысы Уейн Руни енді 2 гол енгізсе, Я.Коллер мен Й.Штрайхты қуып жетеді. Қазір Рунидің еншісінде 115 кездесуде соғылған 53 гол бар.
Қазақстан құрамасында бұл жетістікті әл-әзір жаңарта қоятын ешкім байқалмайды. Құраманың бас мергені Руслан Балтиев 73 мачта 13 гол соқты, бірақ қазір спорттық ғұмырына нүкте қойып, футболдың түрлі саласында жұмыс істеп жүр. Екінші мерген Виктор Зубарев құрама сапында небары 18 ойын өткізіп, 12 гол соқты.
Қазіргі футболшылар ішінен ұлттық рекордты жаңартуға Сергей Хижниченконың ғана мүмкіндігі бар. Ол 39 матчта 8 рет қарсыластар қақпасын дәл көздеді. Сергейдің жасы 25-те. Демек, алда да өз деңгейінен төмендемей, Польшаға қарсы кездесудегідей мергендік танытса, алдағы 2-3 жылда Балтиев рекорды «басын иетін» болар.