Ақтауда бокстан Қазақстан чемпионаты мәреге жетті. Бұл – АИБА жаңа салмақ дәрежелерін белгілегеннен кейінгі еліміздің бірінші додасы. Ақтау шаршы алаңы қазақстандық таланатты боксшылар шоғыры өсіп келе жатқанын көрсетті. Чемпионаттың ресми қорытындысы мынадай:

Финалдар
49 келі. Теміртас Жүсіпов (Ақмола облысы) – Ермек Мәдиев (Жамбыл облысы) — 5:0. Т.Жүсіпов бесінші рет ел чемпионы атанып отыр.
Бұл салмақтағы қола жүлдегерлер: Жандос Несіпжан (Алматы облысы),  Жомарт Ержан (Түркістан облысы)

52 келі. Әнуар Мұзапаров (Алматы облысы) — Сәкен Бибосынов (Түркістан облысы) — 5:0. Мұзапаров бірінші рет ел чемпионы атағын жеңіп алды.
Қола жүлдегерлер: Азат Махметов (Астана), Абай Қуандықов (Ақтөбе облысы)

56 келі. Қайрат Ералиев (Түркістан облысы) — Оразбек Асылқұлов (Ақмола облысы) — 5:0. Қайрат үшінші рет ел біріншілігінде дара шықты.
Қола жүлдегерлер: Жанболат Қыдырбаев (Жамбыл облысы), Нұрбол Қалжанов (Маңғыстау облысы)

60 келі. Зәкір Сафиуллин (Шымкент) — Саматәлі Төлтаев (Маңғыстау облысы) — 5:0
Қола жүлдегерлер: Серік Теміржанов (Павлодар облысы), Бағдат Уәйдаев (Қызылорда облысы)

64 келі. Санатәлі Төлтаев (Маңғыстау облысы) – Бекдәулет Ибрагимов (Түркістан облысы) – қарсыласының жарақат алуына байланысты ұпай санымен Төлтаев жеңіске жетті.
Қола жүлдегерлер: Мирасәлі Сәрсенов (Жамбыл облысы), Сабыржан Бекбергенов (Ақмола облысы)

69 келі. Абылайхан Жүсіпов (Қарағанды облысы) — Асланбек Шымбергенов (Жамбыл облысы) — 5:0
Қола жүлдегерлер: Мәулен Өскенбек (Маңғыстау облысы), Қанағат Маралов (Астана)

75 келі. Әбілхан Аманқұл (Жамбыл облысы) — Ерік Әлжанов (Маңғыстау облысы) — 5:0
Қола жүлдегерлер: Тұрсынбай Құлахмет (Қызылорда облысы), Аман Қазанғапов (Жамбыл облысы)

81 келі. Бек Нұрмағанбет (Түркістан облысы) — Михаил Коханчик (Қостанай облысы) – қарсылас шаршы алаңға шықпағандықтан, жеңіс Нұрмағанбетке берілді.
Қола жүлдегерлер: Тимур Ержанов (Шығыс Қазақстан облысы), Нұрлан Сабыров (Маңғыстау облысы)

91 келі. Василий Левит (Астана) — Бекзат Нұрдәулетов (Маңғыстау облысы) — 5:0
Қола жүлдегерлер: Алексей Севостьянов (Қарағанды облысы), Абзал Құттыбеков (Түркістан облысы)

91 келіден жоғары. Қамшыбек Қоңқабаев (Қызылорда облысы) — Нұрлан Сапарбай (Түркістан облысы) — 5:0
Қола жүлдегерлер: Ержан Сейтімбетов (Ақтөбе облысы), Айболды Дәуренұлы (Маңғыстау облысы)

Жарыс қорытындысында бас бапкер Мырзағали Айтжанов Қазақстан құрамасының жаңа құрамын жариялады. Оған С.Бибосынов, Оразбек Асылқұлов сияқты боксшылар бірінші рет еніп отыр. Ұлттық құрама үшін келесі жылы екі үлкен сын бар. Бірі – Азия чемпионаты, екіншісі – әлемдік дода. Осы жарыстар қорытындысы бойынша 2020 жылғы Токио олимпиадасына баратындар анықтала береді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here