Голдар: Сүйімбаев, 37 — Ракель, 49
Қазақстан: Ерич, Сүйімбаев, Малый, Логвиненко, Бейсебеков, Жуков, Исламхан, Мұжықов, Зайнутдинов (Тұңғышбаев, 87), Муртазаев (Федин, 80), Тұрысбек (Щеткин, 74)
Латвия: Ванин, Габов, Дубра, Ягодинскис, Максименко, Тарасов, Циганик (Савалниекис, 46), Исаев, Ракель, Карашаускс (Ругинс, 62), Шабала (Икауниекс, 72)
Төреші: Йенс Мое (Дания)
Ұлттар лигасы. 15 қараша. Астана, «Астана-Арена» стадионы

* Латвия құрамасы Қазақстан ең көп кездескен құрамалар үштігіне енді. Әзербайжан (9 рет), Қырғызстан (7), Армения (7) және Латвия (7) құрамаларымен қазақстан ең көп күш сынасты.

* Латвия — Қазақстан құрамасымен ең көп тең ойын өткізген құрама. Екі құрама 7 рет кездесіп, 4 матчты тең аяқтады.

* Бұл кездесуде Қазақстан құрамасы өз тарихындағы 47-тең нәтижеге қол жеткізді.

* Ғ.Сүйімбаев ұлттық құрама сапындағы 2-добын соқты.

* Қазақстан құрамасы биыл екінші рет ойынды еш ескертусіз аяқтап отыр. 23 наурызда өткен Венгрия — Қазақстан кездесуінде де қазақстандықтар бейбіт ойынмен ерекшеленді.

* Осы матчтан кейін Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының D1 тобында екінші орынға орнықты. Бұл сатыда тұрақтап қалу үшін отандастарымыз соңғы турда сырт алаңда Грузиядан кем дегенде 1 ұпай алуға тиіс.

* Қорғаушы Ю.Логвиненко ұлттық құрама сапындағы 48-кездесуінде алаңға шығып, құрама рекордшыларының бестігінде орнын нықтай түсті. Қазір Логвиненко С.Сымақовтан (75 матч), Р.Балтиевтен (73), Н.Жұмасқалиевтен (58), А.Карповичтен (55) ғана артта келеді.

* Жартылай қорғаушы Б.Исламхан құрамадағы — 35, А.Щеткин — 25, С.Мұжықов — 20, Е.Тұңғышбаев пен Г.Жуков 10  матчын өткізді.

(kff.kz фотосы)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here