Ұлттар лигасы. D1 тобы
1 тур. 16 қазан

Қазақстан – Андорра – 4:0 (Сейдахмет, 21, Тұрысбек, 39, Гомес, 61-өз қақпасына, Муртазаев, 74)

Қазақстан құрамасы өз тарихындағы он бесінші ірі жеңіске қол жеткізді.

1. Қазақстан – Пәкстан – 3:0 11.05.1997 ӘЧІ98 Алматы. ОС
2. Қазақстан – БАӘ – 3:0 18.10.1997 ӘЧІ98 Алматы. ОС
3. Қазақстан – Макао – 3:0 14.04.2001 ӘЧІ02 Бағдад. «Шааб»
4. Қазақстан – Андорра – 3:0 20.08.2008 ӘЧІ10 Алматы. ОС
5. Қазақстан — Әзербайжан — 3:0 05.06.2018 ЖК Астана, «Астана-Арена»
6. Қазақстан — Қырғызстан — 5:2 01.06.2012 ЖК Алматы, ОС
7. Қазақстан – Тәжікстан – 4:1 02.07.2006 ЖК Алматы. ОС
8. Қазақстан – Пәкстан – 4:0 08.04.2000 АКІ00 Доһа. «әл-Араби»
9. Қазақстан – Непал – 4:0 21.04.2001 ӘЧІ02 Алматы. ОС
10. Қазақстан — Андорра — 4:0 16.10.2018 ҰЛ18 Астана, «Астана-Арена»
11. Қазақстан – Макао – 5:0 23.04.2001 ӘЧІ02 Алматы. ОС
12. Лаос – Қазақстан – 0:5 03.12.1998 АО98 Си-Са-Кет
13. Қазақстан – Непал – 6:0 12.04.2001 ӘЧІ02 Бағдад. «Шааб»
14. Қазақстан — Қырғызстан — 7:1 05.09.2014 ЖК Астана, «Астана-Арена»
15. Пәкстан – Қазақстан – 0:7 11.06.1997 ӘЧІ98 Лахор. «Railway Field»

Кестеден байқап отырғандарыңыздай, біздің құрама 1992 жылдан бері қарсыластарын 3 доп айырмасымен – 7 рет, 4 доп айырмасымен – 3 рет, 5 доп айырмасымен – 2 рет, 6 доп айырмасымен – 2 рет, 7 доп айырмасымен 1 рет жеңген.

Бұған дейін соңғы рет отандастарымыз қарсыласын 4 және одан көп доп айырмасымен 4 жыл бұрын жеңген еді (Қазақстан – Қырғызстан – 7:1). Ал ресми кездесулерде қарсыласты 4 доп айырмасымен 17 жыл бұрын жеңді (2001 жыл. Қазақстан – Макао – 5:0).

Қазақстан құрамасы еуропалық қарсыластарын 3 рет қана ірі есеппен жеңді. Екі рет – Андорра (3:0, 4:0), бір рет Әзербайжан (3:0) бізден ойсырай ұтылды. Ең қызығы, УЕФА мүшелерін ірі есеппен тұқырту рекорды осы маусымға тән (2 ойын).

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here